Жұлдыздардың ескі фотосуреттері

Жұлдыздардың ескі фотосуреттері

Ескі фотосуреттер өткен шақта сейіліп кеткен дәуірмен байланыс орнататындай әсер береді. Өткен күндердің жаршысы іспеттес суреттерге қарай берген сайын, сол жылдардың естеліктері баурап алып, жанымызды жадыратқан жылулық езуімізге күлкі үйіреді. Жұманың жайдарлы күні танымал тұлғалардың жас кездеріндегі сирек кездесетін суреттерін ұсынғалы отырмыз. Біз де бір сәт олармен бірге жастық шаққа, кейбіріміз балалық шаққа бір оралып қайтайық.

Superstar.kz музыкалық байқауы қазіргі қазақстандық эстрадада жүрген біраз өнерпаздың бағын ашты. Солардың бірі - Әсем Жакетаева. Қазірде актерлік қырымен танылып жүрген арудың бағындырар биігі әлі алда деп сенеміз. Ал жанында тұрғандар бірінші байқау төрешілері - Ләйлә Сұлтанбай, Роман Райфельд және Батырхан Шүкеновты бірден таныған шығарсыздар?

Superstar.kz-тің екінші маусымына қатысушылардың бірі - Мөлдір Әуелбекова. Арт жақта тұрған Әлішер Каримовты да таныған шығарсыздар?

Мұнда да Superstar.kz жұлдыздарын байқауға болады.

Қазақстанға танымал екі құрбы. Баян Есентаева мен Мадина Балғабаева студент кездерінен дос екен.

Достықтың тағы бір дәлелі. Мұнда Баян Есентаеваның қызы, жас актриса Айсәуле Бақытбек кіп-кішкентай.

Баян Есентаеваның жас кезінен тағы бір сурет. "Махаббат бекетінің" жұлдызы жас кезінен өте белсенді болып, суретке түскенді де жақсы көргенге ұқсайды.

Дильназ және Дильшат Ахмадиевтер. Дильшат бір кездері эстрадамызда жұлдызы жарқыраған әншілердің бірі еді. Кейін әншілікпен емес, бизнеспен айналысуды жөн санаған.

Әншіліктен бас тартқан өнерпаздардың бірі - Рахат Тұрлыханов. Бір жылдай бұрын сахнаға қайта оралатын да шығармын деген оны, халық әлі тағатсыздана күтуде.

"Орда" тобы және сол кездердегі продюсерлері - Алуа Қонарова. Ордалықтарға уақыт еш әсер етпейтін сыңайлы.

Данияр Өтеген "Рингоға" келгенде дәл осындай бозбала еді. Көз алдымызда есейді.

Алуа Қонарова, Дильназ Ахмадиева және "Рахат Лукум" тобы. Топ қыздарының қазір бір-бір отбасының ошағын түтетіп отырған жайы бар.

"Жігіттер" тобының 2006 жылғы суреті. Жігіттер мүлде өзгермеген сияқты. Сіздерше қалай?

Динара Сәтжан мен Гүлнұр Маммасарипова. Қазіргі Динара бұрынғы Динарадан әсте өзгеше.

Бұл кездерде "МузАрт" құрамында Мақсат Базарбаев бар.

Сәкен Майғазиевтің ұлының тәтті қылықтарына тоймай жүрген кезі.

Жалпы Сәкен ағаның интернетте белсенді болуы сондай жақсы. Өткен кездердегі суреттер болсын, бүгінгі суреттер болсын, жариялап, оқырмандарын қуантып тұрады. Мұнда Меруерт Түсіпбаеваның жас кезін де көруге болады.

Бауыржан Ибрагимовтың үйлену тойы.

Тағы бір сол кездердегі жас өнерпаз жігіт - Ерлан Көкеев және оның жары Анар Көкеева.

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина.

Бәлкім сол кездері білінбеген шығар, ал қазір тарихи сурет.

Жап-жас Мұқасан Шахзадаев.

Қыздардың қолындағы гүлдерге қарағанда 8 наурыз мерекесі болса керек. Араларынан Ерлан Көкеев, Рабиға Аманжолова, Жания Әубәкірованы тануға болады.

Қымбат Досжан апайымыз да бір кездері жас болған.

Ерлан Көкеев пен Нұрлан Абдуллин 90 жылдардан сәлем жолдап жатыр.

Суреттер жұлдыздардың Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінен және voxpopuli.kz сайтынан алынды

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina