Мақсатқа тағы бір қадам (байқау)

Мақсатқа тағы бір қадам (байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн, қадірлі достарым! Жазғы демалысымда жаңа тағам түрлерін үйренуді алдыма мақсат етіп қойған болатынмын. Сіздермен мақсатымның қалай орындалып жатырғанын бөлісуді жөн көрдім.

Өзім алдымен оңай мәзірлерден бастадым. Оларға бәліштер, торттар және әзірленуі оңай тағамдарды жатқыза аламыз. Мен алдымен тосап қосылған бәліш дайындауды үйрендім.

Ол үшін:

Ұн- 3 стақан

Май- 2 ас қасық

Қант- 1,5 ас қасық

Тұз- 0,5 шай қасық

Ашытқы (дрожжи)- 16 г

Жұмыртқа-2 дана

Су- 230 г

Тосап-350 г

Алдымен ыдысқа жылы су құйып, үстіне ашытқы саламыз.

Содан кейін қант, жұмыртқа, ұн, тұз қосамыз.

Барлығын араластырып, қамыр дайындаймыз.

Қамыр дайын болған соң, майды ерітеміз.

Еріген майды қамырға құямыз.

Содан кейін аздап ұн сеуіп, қамырымызды көтерілу үшін жылы жерге қоямыз(1,5-2 сағат).

Қамырымыз көтерілген соң, оны илеп жаямыз. Одан кейін тосабымызды құямыз.

Қалған қамырымызды жайып, оны жұқа тілімдерге бөлеміз.

Кесілген қамырларды торлап бәліштің бетіне қойып шығамыз.

Дайын болған бәлішімізді 200 °С температурада, 35-40 мин пісіріп шығарамыз.

Астарыңыз дәмді болсын!