Талпыныс болса ....(байқау)

Талпыныс болса ....(байқау)
жеке
блог

Сәлеметсіздерме Массагеттік достар.Мен бүгін мақсатыма жету барысындағы алқашқы іс-әркеттерім туралы жазбақшымын.Мақсатыңа жақындаған сайын кедергілер көбейеді.Расындада маған ең қиын боп жүргені тіл үйрену.Бірін жаттасам ,бірін ұмытам.Деседе күнделікті оқуымды тоқтатқан емеспін.Менің ағылшын  тілін үйренуіме көмекші құралдар кітап пен ғаламтор.Мінекей:

Екінші мақсатым  ҰБТ-ға дайындалу болатын.Бастама жаман емес,дайындыққа керекті кітаптың бәрін сатып алдым.Оқыганнан көрі көзбен көргенді есте жақсы сақтайтындықтан өзім көп жүретін жерлерге ереже,теорияларды,тарихтан даталарды іліп қойдым,соған қарап жиі қайталап отырамын.Иә,интернетпенде тығыз байланыстамын.Бұның бастапқы нәтижесін сенбідегі тест қортындысында анықтайтын боламыз

Үшінші мақсатым журналисттік шеберлік мен ол үшін кітап оқуды тәжірбиелі мамандармен сұхбаттасуды жоспарлағам.АЛғашқысы бойынша 

 рухани азығымды таңдадым .Ендігі бастап оқып жатырмын.Бітірген соң сіздерге әңгімелеп берем міндетті түрде.Міне менің апта басындағы бастамам,енді апта соңында бастапқы нәтижелерді күтіңіздер.Мен міндетті түрде мақсатыма жетемін ,міндетті түрде жалқаулықты жеңемін,талпынамын.Ал сіздердің бастапқы қадамдарыңыз қандай?