♥♥♥ Ізденген жетер мұратқа (байқау) ♥♥♥

♥♥♥ Ізденген жетер мұратқа (байқау) ♥♥♥
жеке
блог

Бұл ғаламда армандамайтын адам жоқ шығар, сірә! Ал армандарға жету үшін ең алдымен биік мақсат керек.
Сәлеметсіздерме, Массагет порталын сүйікті оқырмандары. Байқау талабы бойынша мен алдағы екі айда орындайтын үлкен екі мақсат қоюдым:
• жаздың соңына дейін 7 түрлі тағам әзірлеу;


• Астана, Көкшетау қалаларын аралап, қызықты, әдемі жерлерінен мәлімет жинап осы топқа жариялау;

 
Менің алға қойған мақсатым осындай. Және де мақсатыма жету үшін талпынамын. Менің алдыма нақты осы мақсатты қойған себебім: осы айда анам мен ағам ораза ұстағандықтан олар ауызашарға тәтті тағам жегісі келеді, міне сондықтан, оларды қуанту үшін тағам әзірлеуге бүгіннен бастап кірісейін деп отырмын.


Ал екінші мақсатым өзімнің болашағыма байланысты болайын деп тұр.Ер жетіп оқуымды бітірген соң ел аралап қызықты жерлерді тамашалап, білімімді одан әрі жетілдіргім келеді. Топтық жеңістің маңызы мен үшін үлкен мәртебе. Ең бірінші осы порталда жетекші ағайымыздың дәрежесі жоғарылайды. Ал біздер үшін үлкен қуаныш, жақсы әсер қалдырады деп ойлаймын.

Байқауа қатысудағы себебім білімімді, ой-қабілетімді жетілдіру, еліміздің түпкір-түпкірінен достар табу;
Соз соңында айтарым мақсатыңа жету үшін іздену керек.Ізденген мұратқа жетеді. 


Ынта болса адамда,қиын іс жоқ ғаламда!!! Биікке самға, МҰЗБАЛАҚ!