Мақсат болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда! (байқау)

Мақсат болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда! (байқау)
жеке
блог

 "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауының шарттарымен танысу барысында жаз мезгіліндегі бос уақытымды тиімді пайдалану үшін  алдыма үш мақсат қойдым.

1. Бөлме гүлдерін өсіру, баптау күтумен айналысу.

2. Қазақ қыздары арасында сахна шеберлері, майталман актрисалардың өмірі мен шығармашылығымен жеке танысу, зерттеу.

3. Данышпан ұлы ойшылдардың нақыл сөздері мен аффоризмдерін жинақтау, жаттау.

Бұл мақсаттарды алдыма қойған себебім:бөлме гүлдерін өсіру, гүлдердің аттары,  оларды күтіп, баптау мені біраз уақыттан бері қызықтырып жүрген еді. Теледидардан қазақтың ару қызы Күлжабаева Гозел және сол кісі басқаратын "Гүлстан" журналы және Гозел ханымның қала, аула безендіруге қатысты, гүл өсіруге байланысты жұмыстарын көргенде менің де осындай игі шараға деген қызығушылығым оянды. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен өз үйімде бөлме гүлдерін өсіруден бастауды қолға алдым. Өздеріңізге белгілі мен болашақта актриса мамандығын таңдап, сахна шеберіне айналу арманым болғандықтан, осы жолда тер төгіп қазақ сахнасында жүрген қазақ қыздарының өмірі, шығармашылығы туралы зерттеу мені көптен толғандырып жүр. Сондықтан осы екі ай уақытымды осындай аруларымыздың тыныс-тіршілігімен танысуды, зерттеуді мақсат етіп алып отырмын. 

Бәрімізге белгілі қазіргі кезде барлығымыз Әлеуметтік желіде отырамыз. Маған әлеуметтік желіде көбінесе ұлы ойшыл, данышпандардың  даналық сөздері, нақыл сөздерін оқу, оны керекті жерде орнымен пайдалану, сол сөздердің астарына үңіліп, тағлым алу ұнайды. Сол себепті бос уақытымды әлеуметтік желіден, кітаптардан осындай нақыл сөздерді жинақтап жаттауды мақсат етіп отырмын.

Мақсаттарыма қол жеткізі үшін, алдағы екі айға жоспар құрып бірінші айымды қазақ сахнасындағы арулар туралы мәліметтер жинақтауғ, ал екінші айымды нақыл сөздерм мен аффаризмдерге арнағалы отырмын. Ал гүл өсіру, баптау күту күн тәртібіндегі мәселе болып қала береді.

Жекелей және топтық жеңістің маңызына тоқталар болсам бұл сайыс топтық болғандықтан қатысушы  топтар арасында өзіңнің тобыңның шоқтығы биік, жұлдызы жарық болғандығы кімді болса да сүйсіндірмей қоймасы анық. Ал жекелей жеңіске жету әр қатысушының өзінің осы сайысы барысындағы бағыт-бағдарына, қабілетіне байланысты.

Қазақтың ұлы ойшылы, жазушы М.Әуезов айтқандай "Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң- күш керек, одан соң - тәртіп керек". " Массагетпен мақсатыңа бірге жет!" байқауына қатысушыларға Мұхтар атамыз айтқандай жоғарыдағы үш шартты орындаса жеңіске жетуіне жол ашық екені анық.

Байқауға қатысудағы мақсатым "Массагет" сайтының тұрақты қолданушысы ретінде бұл сайттағы әрбір жаңалық мені селт еткізбей қоймайды. Байқау барысында өзімнің болашақ армандарыма қол жеткізуге аз болса да септігін тигізетіне сенімім мол. "Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда" демекші бойымдағы ынта-жігерімді, қарым-қабілетімді  ұштай отырып осы байқау шарттарын өз дәрежесінде орындай және өз тобымдағы және басқа топтағы Қазақстанның түкпір-түкпіріне қатысып отырған замандастарыммен танысу және орыстың ұлы ойшылы Л.Толстой "Арман-жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, тірлік те жоқ"  демекші бұл байқау әрбір жеткіншектің болашақ арман, мақсатыма жол бастар, бағдаршам болары анық!

Құрметті сайысқа қатысушылар! "Мақсатыңа Массгетпен бірге жет!" байқауы баршамыздың арман, мақсаттарымыздың бастауы болсын! "Арман - адамға қанат" демекші қанаттарымыз талмасын!