Роналду рекорд орнатты (видео)

Роналду рекорд орнатты (видео)
Фото: vk.com

Португалдық футболшы Криштиану Роналду мадридтік «Реалдың» Испания чемпионаты тарихындағы үздік сұрмергені атанды. Шабуылшы 203 ойында 230 гол соғып, әйгілі Раульдың рекордын жаңартты.

Испания ла-лигасының ІІІ турында «корольдік клуб» түзде «Эспаньолды» ойсырата жеңді. Криштиану Роналду бес гол соғып, пента-трик авторы атанды. Бір голды Карим Бензема өз еншісіне жазды. Алаң иелері «Реал» қақпасына гол соға алған жоқ.

Криштиану Роналду 2015 жылы екінші рет пента-трик жасап отыр. Ол сәуір айында «Гранада» қақпасына бес доп тоғытқан еді. Сондай-ақ мадридтік клуб сапында екі рет пента-трик жасаған алғашқы футболшы да болды.

Айта кетейік, Испания ла-лигасында ең көп гол соққан ойыншы – Лионель Месси. «Барселона» көшбасшысының еншісінде 286 гол бар. Екінші және үшінші орынға ХХ ғасырдың танымал ойыншылары Тельмо Сарра (251 гол) мен Уго Санчес (234 гол) орналасқан. 

О. Сансызбай