Дін мен дәстүр -тәрбие бастауы

Дін мен дәстүр -тәрбие бастауы
жеке
блог

www.kaznu.kz

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 3 курс студенті Жолдықара М.К. 

Жетекшісі аға оқытушы Тунгатова У.А. 

   Қазақ халқының Ислам дінімен таныс болғанына мың екі жүз жылдан астам уақыт өтті.Содан бері салт-санасы,әдет-ғұрыптары,мәдениеті мен әдебиеттері мұсылмандыққа бейімделіп,ислам діні халық ділімен біте қайнасып,ұлттық болмыстың ажырамас бөлігіне айналды.Халық ұстанған әдет-ғұрыптары ислам шариғатына сәйкес құқықтық нормалардың бастауларының бірі болып саналады.Қаситті Құранда:”Ғафу жолын ұста,ғұрыппен әмңр ет және надандардан теріс айнал” деп бұйырған.

   Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрдердің ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен бірге өрілді.Әрбір халықтың мәденеитін танымдық тұғырын айқындап беретін таразы сол халық ұстанған идеологиялық рухани жолы,яғни діні.

   Дін мен дәстүр ұлт болашағының және бірлігінің кепілі.Дін мен дәстүр қашанда бір -бірін қуаттап,қоғамда ынтымақ пен бірліктің,бабаларымыздан қалған асыл құндылықтардың жоғалып кетпеуіне үндеп,кейінгі ұрпақьың болашағы жарқын болуына,өткенді ұмытпай саралап ұлттық ар-ожданының жоғалмауына шақырады.

   Дін мен дәстүр үлкенге құрмет,оларға дауыс көтеріп сөйлеу былай тұрсын,жолда өтіп бара жатса алдын кесіп өтпеуге үндейді.Хадисте”Береке сендердің үлкендеріңмен бірге келеді делінсе,халқымызда”Қария адамдарды төрге шығарамыз,сыйлаймыз.Үлкенді құрметтеу бізде бұрыннан болды.Ислам енгеннен кейін дәстүрлі құндылы болып қалыптасты.Ислам дінідегі құндылықтар біздің салт-дәстүрімізде болғандықтан,ол тез сіңіп халқымыздың тыныс-тіршілігінде тез қалыптасып кетті.

   Аллаһ Тағала “Хужурат сүресінде “Ей адамдар мен сендерді бір еркек,бір әйелден жараттым және сендерде бір-бірлеріңді танысын деп,бір -бірлеріңді білсін деп сендерді ұлттар мен ұлыстар етіп жараттық” дейді.Халқымыздың ұлттарды белгілі бір нәсілге бөлмей,қандай ұлт нәсіл болмасын дастарханында бар нанымен бөлісіп,қалтасында барын бере алуы,көмек қолын созып әрқашан кең болып яғни халқвмыздың кеңшілігі мен шариғаттан терең сусындағанын бір белгісі екендігін көре аламыз.

   Ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыс тіршілігінде қолданған щариғатқа сәйкес заңдарға қарсы келмейтін дәстүрлеріміздің бірі көршіңмен тату болу және қарым қатынас үзілмейтін дәстүрге айналған.Халқымызда “Көрші ақысы-Тәңір ақысы деген қанатты сөздер қалған.Халқымызда көршімен қарым қатынасқа байланысты жұртқа шеттен жаңа қоныстанған үй иелеріг “еруліккн шақыру деген жақсы дәстүріміз бар.Яғни жаңа көршілермен танысып,дастархан жайылып дәмге шақырып,сыйластығын білдіру.Бұл ізгі дәстүріміз халқымыздың бойында көршілермен тату болу тіпті көршілерінің Шариғаттағы дәстүрімізге енген әдеттер мен сөздердің барлығы да оңтайлы және ұлт санасына кіріп кеткен соң , оның жақсысы мен жаманын айырып алу саналы бiлiммен келетіні , оның барлығын ізденіп , дұрысын тандау кімнің болса да міндеті болып табылатыны анық .аяққа тұруына жәрдем ету секілді асыл қаситтеріміз сана сезімдеріне сіңіп кетті.

   Дініміздегі көршіге деген құрметті пайғамбарымыз Мұхаммедтің ( с.ғ.с. ) мүбарәк хадисінен білуге болады : « Алла елшісінің көрші турасында көп айтқаны сондай , кейін олар бiздiн мирасқорымыз бола ма деп ойладым » , - деген . Шындығында , мирасқорлыққа бала - шаға , жақындары ғана иелік етеді . Бұл хадистен көршінің жақындығы мирасқор балаларындай тым жакын болатындығын аңғару қиын емес .

   Қазақ халқының әдебиеті мен сөз өнерінде келетiн даналык сөздерімізде көбісі шариғатпен мағыналас келеді. Қазақ халқының арыстары болған Абай мен Ыбырай , Шәкәрім мен Мағжан және т.б. арыстар осы бір шариғаттың мәнісін жеткізсем деп өздерінің көкейлеріндегі жырларын ойларын кара өлең мен шығармалары арқылы халыкка жеткiзiп отырған . Қазақтың данасы болған Абай атамыздын 10 - шы кара сөзінде былай деп келген : « ... Артымнан балам Құран оқысын десен , тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кiсiн кѳп болса , кім Құран окымайды ? Егер жаманшылықты көп қылған болсан , баланның оқыған Құраны сенi неге жеткiзедi ? Тірлікте өзіне - өзiн кылмаған iстi өлген сон саган балан кəсiп кылып бере ала ма ? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің . Егерде ержетсін десең , өзі ержетіп , ата - анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен ? Ондай баланы сендей әке , сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен ? ... » - дегенінің өзі Пайғамбарымыздың ( с.ғ.с. ): « Ата - ананын баласына үйрететiн ең кұнды нәрсесі көркем мінез » -дегенімен сәйкес келетінін көреміз Баланың өзі әрдайым әке - анасынан көргенiн істейді.Баланың тәрбиесі тікелей ата анасының қолында.

   Халқымыз қайырымдылықтың қадіріне жете білген,әрқашан жақсылық жасап,сол жасаған жақсылығына лайықты алғысцн айта білген жұрт.Ұлтымыздың мұраларына зер салсақ қайыр қылған жанға “Құдай жарылқасын”,”Жолыңды ашсын” деген секілді игі тілектерін жауыдырып өзінің тәрбиелілігін көрсете білген.Хадистеріміз де де бір-біріне алғыс білдіру шынайы мұсылманның белгісі екендігін айтады.

   Әбу һурайрадан (р.а) жеткен риуаятта Алла елшісі(с.а.с) “Адамдарға алғыс білдірмейтін адам Аллаға шүкір етіп жарытпайды”-дейді.

   Дін мен дәстүр сабақтастығы елдігі бірлігі мен ынтымақтастығының берік болуына және діни біртұтастықты сақтауына үлкен септігін тигізеді.