Орамалдың қазақ халқындағы алатын орыны

Орамалдың қазақ халқындағы алатын орыны
жеке
блог

www.kaznu.kz 

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 3 курс студенті Маликов Н.Ж.

Жетекшісі аға оқытушы Тунгатова У.А. 

 

Елімізде көп қордаланған,пікірлермен таластардың алдында жүрген әңгімемен мәселенің бірі мына орамал,сақал мәселесі болып табылады.Ата бабамыз қымтанбаған,оранбаған.Арабтан келген дүние деген сөз даудың басы Дайрабайдың көк сиырына сайма сай.Қазіргі уакытта саябырсығанымен толық шешімін таппай отырған жайы бар.Бірі әуретімізді жабу әулетіміздің абыройы десе,кейбірі әулеттің қара дағындай көруде.Мұндай жағдайда не дерімізді бңлмей қаламыз.Тоқтамға келіп сол хиджапты ауысыратын киімі жоқ бұл жаңа қазақ ата бабасын алдаудан жалығар емес.Әлде өзін алдап жүр ме?Кешегі кимешекпен қамзолдың иісі бүгінгі келіннен шықпайтыны белгілі.Ата бабамыздың киімін кисек әурет жабық жүрермеді әттең..Осы орайда әуретіңді жабу Алладан заң,бабадан мұра,болашаққа аманат болса деймін.Бірақ..
Ақылға салар болсақ тек біз ұстанып жүрген ислам дінінде ғана оранып әурет жабу құптарлық іс деп ойлауымыз қате түсінік.Алладан түскен Иудей мен Христиандықта қыз баланың әурет жабуын құптап,сақал қою жөн көрген.Бабамыз түркілер одан бері қазақ хандығы заманында қыз баланың саны мен төсі ашық болып,жалаң бас жалаң бұт,сықыр сықыр күліп ер жәгіттердің алдында бөсіп жүргені ойымызға да келмейді.Олай болмағаныда анық.Тіпті бертін келе атеистік қоғам көрген әжеміз бен анамыздың үлкен көріп сәлем салғанда,әуреті ашылмағаны бәрімізге аян.Бұндайда Міржақыптың оян қазақ деген өлеңі әсте еске түседі.Ол тек өнер білімде,ұлттық рухта ғана емес салт дәстүрмен,қазақы ұяңдықтың,тектіліктіңде оянуына үндейтіндей.
Біз білеміз әлемді жаулаған жаһандану дәуірі елімізді айналып өтпесін.Және шекераны керек қылмайтын бұл соғыс кез келген мәдениетті құрдымға кетіруші күш болып отыр.Әлем сүй сініп таңданған бұл мәдениет қандай өзі?Мәдениет деуге келер ме?Кезінде шет елдің сериалдарын қарап таңданатын қазақ бүгінде сол күнді кешуде.Әр елдің салты басқа деген ата бабамыз қабылдамаған дүние жаңа қазақ таңсық болмай отыр.Болмысымызды өзгерткен әлеуметтік желі,трендпен бренд.Жақсылығынан жаманшылығы басыи екенін біле тұра қолдайтынымыз,қорғайтынымыз бар.Ақшасы барды ақылды көріп,қысқа кию сұлулық санап,ажырасу мен жеңіл жүрісті абырой көріп,Аллаға сену діншілдік,енді міне көгілдірдіңайы оңынан туып тұрған жайы бар.Кімге? неге? ренжиміз..Он үшінен шарап ұрттап,шылым шеккен ағалар,орамалын тастап әуретін ашқан кешегі қыз келіншек бүгінгі ел ағалары болған шағында дұрыс тәрбие бере алмай отыр ма?Әліде өз бойындағы кемшіл тұстарын келмеске кеткен Кеңестен көре береді ме.Орамал мен намаз туралы даудың айналасы осы кісілердің қарсылығынсыз өтпейтіні мәлім.Ата баба деп шарқ ұрып мақтанып,масаттанып жататын аға апа,өз баласының атасының басына барып тик ток түсіргенін байқамайды ма? Өлі разы болмай тірі байымайды деген сөзді тілмен айтып істе жасамайтын кімдер.Тәрбиені үйде бере алмай қоғам қалаулысы болмайақ қою керек екенін есте сақтаған жөн.Алма ағаштаан артық түспейтінін ойласақ бар кінәні орта буынға жабардай болармыз ау сол себепті тізгінді тартуды жөн көрдім.
Елдің ертеңі болатын жастарға Әлихан мен Ахметтей білім,Мағжандай сенім білдірейік.Құнанбайдың қатесін түзер Абайдай ұл туылса бетін қақпағанымыз жөн.Ата баба сауыт киіп қорғаған жерді кім тыр жалаңаш қорғап қалар..Бұл ол қылықты бір ғана заңға,дінге тапсыру дұрыс жол емес.От басындағы тәрбие жақсы болмай шашы қызыл келін сәлемсіз,келіннен қорқатын ұл көңілдесті,туылған сәби жетім болып қала бермек.Еліміздің амандығы болсын деп тос көтеріп ащы су ішпей,намазымызда дұғада шын мәнінде сол істе болайық.Жеріміз бүтін,ұйқымыз тыныш,тәуелсіздігіміз мәңгі болғай.