Болмысымыздың басты нышаны- жылқы

 

Қазақтың айрықша қадір тұтатын жануарының бірі де бірегейі- жылқы. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезімі, рухани болмысы, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыпы. Ол- қазақтың мәдениет пен өнерінің ажырамас тұтас бір бөлігіне айналып кеткен. Бұрында қазақ халқы байлық, салтанат пен сұлулық өлшемін жылқымен есептеген. Оның сырт келбетінің өзі көздің жауын алады. Ол тіпті адамның мінезі мен іс-қимылын саралай алады, иесі өзіне ұнаса шын беріліп, жан серігі болады. Көшпенді халық оны ең алдымен ел қорғаған ердің қанаты деп дәріптеген. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен қандай ауыр күн болмасын жылқы адамның айырылмас досы болған. Қазақ халқы жылқы жасының әр деңгейіне орай арнайы атаулар берген. Олар: Құлын (жылқының жас төлі), Жабағы (6 айдан асқан құлын), Тай (1 жаста), Байтал (1-2 жастағы), Құнажын (3 жаста), Дөнежін (4 жаста), Бесті (5 жаста), Қасабалы бие (7-8 жаста), Қартамыс бие (11-14 жаста), Жасаған бие (20 жастан асқан). Өркениет тарихында адамның қолға үйреткен жануарларының ішінен жылқыдай жасампаздық рөл атқарғаны жоқ. Осы бір тамаша сұлу және күшті жануар алғашқы адамдардың негізгі серігі болып, тарихтың келесі белестерінде де ұмыт қалмай, басқа бір сапалық құндылықтарды иемденді.Жылқыны қолға үйретіп, кейін келе оны мініс көлігіне айналдырудың арқасында көне қоғамныңмәдени-тарихи көкжиегі айтарлықтай кеңейген еді. Үйретілген жылқының көмегімен адам бір теңізден бір теңізге дейінгі аралықтытар мен құрлықтарды бағындырды. Үнемі мал бағып жүрген халық мал мінезінің қыр-сырларын да біледі. Қазақ өзін “жылқы мінезді халықпыз” дейді. Жылқы- басқа малға қарағанда таза, кірпияз, кінәмшіл, судың тазасын ішетін, шөптің асылын ғана жейтін мал. Ең бастысы- жылқы өзіне басқаның үстемдік етуіне, талап-талауына, аяққа басуына жол бермейді. Жылқы- еркіндікті сүйетін, бостандықтың символы. Қазақтабиғатында кіршіксіз тазалықты сүйген, біреуге бас июді, тіпті біреудің бірауыз сөзін басынан асырмаған . Сондықтан «қазақ» сөзінің мәні еркіндік сүйгіш, «өз еркімен жүрген дала серісі» деген мағынаны береді.Адамзат үшін жылқы тек көлік қатынасы үшін ғана емес, оның өнімдері азық та, киім де, дәрі-дәрмек те, сусын да болған, тіпті қылы мен сүйегін, тезегін де кәдеге асырған. “ Жаяу жүргенде ат болған, қарным ашқанда ас болған” деп бекер айтылмаған. Жылқы өнімдерін қазақ тұрмысында әртүрлі ауруларды емдеуге кеңінен пайдаланады.  «Жылқының сүті мен еті жақпаған ауру адам , сауықпайды, өледі» деген сөз халық арасында кең тараған. Жылқы өнімдерінің ішінде емге қолданылуы жағынан бірінші орында әрине, қымыз тұрады. Себебі қандай науқас болсын қазақ қымыздың тікелей емдігі болмаса да, ауырған адамды әлдендіру үшін негізгі емімен атар қымыз беріп отырған . «Қымыз қырық түрлі дертке ем» дейді қазақ мақалы. Қымызбен зат алмасу, бауыр, қан аздық, гастрит, жүрек, қан-тамыр, туберкулез, ас қорыту жолдарының бұзылуымен ауыратын адамдар емделеді. Соңғы жағдайға байланысты қымыз сусыны өте қатты сұранысқа ие бола бастады. Қымыз иммунитетті көтеруге көптеп септігін тигізеді.

      Сонымен қоса жылқы ойындары біздің ұлттық құндылықтарымыздың бірі болып саналады.Жылқыға байланысты ойын сауықтарға көкпар, бәйге,қыз қуу, теңге ілу, жамбы сату, аударыспақ, қайыс тарту, мүше тартар, атпен табақ тарту, ат үстінде шауып келе жатып садақ тарту т.б. жатады. Осы ойын-сауықтардың, тамашалардың ерекшебағаланатындары бәйге мен көкпар. Бәйге жүйрік аттардың бәсекесі болса, көкпар ат пен адамның бірігіп біте қайнасқан салтаттылық үрдістің шегіне жеткен бейнесі. Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік маңызы зор. Осы аталмыш ойындар Қазақтың жаңа жылы Наурызда ойнатылады. Наурыз- ұлыстың ұлы күні. Қыстан аман-есен шығып, жер көгеріп, күн жылынатын уақытта тойланады. Қазірде дала қалаға айналып, жылқы ойындары тек мейрамкездері ойнатылады. Қазіргі «Мәдени мұра» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі- қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихи жәдігерлерін зерттеу, мыңдаған жылдар бойы жасалған материалдық игіліктердің тарихын, көне заманнан қазіргі уақытқа дейінгі халықтың тарихи даму сабақтастығын керсету болып табылады.Елбасымыздың да “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында айтылған бір қыры- атқа міну мәдениеті. Қазақ даласы- жылқының отаны, оған дәлел жүздеген мың жылқы сүйектері табылған энеолит дәуіріндегі- Ботай қонысы. Ботайлықтар әлемдегі алғашқы жылқышылар, жылқыны қолға үйреткендер. Бұрын-соңды Ботайға дейін әлемде бірде-бір жерде орасан көп жылқы сүйектерінің үйіндісі табылған емес. Республикамыз қазіргі таңда жылқы саны жөнінен ТМД елдеріндегі жылқының 20% -ын құрап, бірінші орында тұр (1,5 млн). Қазақстандағы барлық жылқының 70% -ынан астамы ежелгі ата- бабалар дәстүрімен, тебіндеп жайылу әдісімен бағылады, мұның өзі халықтың ғасырлар бойғы жылқы бағу тәсілдерінің өміршең екендігін көрсетіп отыр. ТМД елдеріндегі қымыз өндірудің 80% -ы Қазақстанның үлесінде , бұл көрсеткіш жылма-жыл өсуде. Көптеген ауыл шаруашылық жұмыстары жылқының күшімен атқарылуда. Жанармайдың тапшылығы , ауыл шаруашылығына арендалық - мердігерлік , кооперациялық , фермерлік әдістердің енуі , жылқының жұмыс күш коліrі ретінде маңызын одан сайын арттыруда.



Бөлісу: