Дін ұстай алсаң...
жеке
блог

Дін ұстай алсаң...

“Дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің”
                                        Халық даналығы

        Түбіміз түркі, дініміз Ислам болған соң сөзіміздің басын “биссмиллях" пен бастағанды жөн көретін халықпыз. Ежелден ат үстінде мекен етіп, сонау ұлан қайыр даланы білектің күшімен ақ найзаның ұшымен қорғаған елдің ұрпағымыз. Көк бөрі мен Ұмай ананы қасиет тұтып, Көк тәңіріге сиынған бабалардың жалғасы біз. Тарих қойнауында жатқан ашылмаған сырлары көп тарихы мен мәдениетіміз бар. Сол бір тарих сахнасына Қазақ жеріне мұхиттың арғы жағынан басына сәлде таққан араб халықтарымен бірге(миссионерлік жолмен) Ислам деген дінде келген болатын.Бастауы Қарахандықтардың мемлекеттік дін етіп қабылдауынан бастау алады.Кең далада қанат жайып, күні бүгінге дейін жеткен жайы бар.Ертеден сеніп келе жатқан Көк Тәңірден,Шаманизм,Зороастризмнен бас тарту оңай болмады.Моңғол шапқыншылықтары.Кеңес одағының Атеистік саясаты т.б мәселер болды.Соған қарамастан әр қазақтың шаңырағына,дәстүрлерімен араласа отырып сіңісе кетті.Жаратқан Алла,пайғамбарым Мұхаммед с.а.у деп білді.Мазхабы Ханафи болып бекіді.Ұлтымыздың арыстары мен қаймақтары осы жолды ұстанып,өз шығармаларынада арқау етті.Әл-Фараби бабамыздан бастап,Қожа Ахмет Яссауи кешегі Абай,Шәкәрім аталарымыздан діннің қою иісі шығады.Арабша хаттанып 15 жасында құран жаттаған Абай атамыз күллі мұсылман жұртына үлгі. Қазақ халқы 1000жылдан астам уақыт мұсылман болғанына шүбәміз жоқ.
      Алайда тәуелсіздік алған жылдары теріс пиғылды дін бас бұзарлары шығып жатты.Біз таныған мазһабтан бөлек ислам дінінің ішіндегі дұрысыда,бұрысыда болды.Өздерін сахабалар жолын жалғастырушылар деп біліп,дәстүрді харам етіп таныды.Жол сілтеуші имамдарымызды адасқан,намаз оқымаған кәпір деп атады.Әрине енді ғана бұғанасы бекіп,буыны қатып үлгермеген халық ішіне уағыздарын тарата бастады.Лаңкестік яғни терористік оқиғаларда жасады.2016 жылғы діни радикалды топ өкілдерінің жасаған теракты Қазақстанды аяғынан тік тұрғызды.Қырыққа жуық ер адам қару асынып бейбіт елдің ұйқысын қашырған етін.Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары,бірнеше қарапайым қала тұрғындары қаза тапты.Тез арада қас көйлер құрықталып,абақтыға жабылды.Елімізде бұл жағдайлар тоқтағанымен,шет ел асуға ниеттілер азаймай тұр.Жезқазған өңірі мен басқада қалалардан отбасын алып Сирия,Ирак жеріне кеткен қандастарымыз бар.Ол жақта Һалифат қүрамыз деген желеуге сеніп,қан майданнан бірақ шығып жатыр.Арадағы қаншама елдің шекарасы тосқауыл бола алмай отыр.
    Қазіргі таңдағы Ирак,Сирия жеріндегі соғыс әлемнің назарында.Әр елде экстремистік,терористік топтардың астыртын жұмыс жасап жатқаны белгілі.Шет ел асып Жиһад деп ұрандап кетіп жатқаныда бар.Елімізденде жат ағымның соңынан жасыда жасамысыда кетті.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен «ЖУСАН»операциясы жүргізілді.Операцияның мақсаты Сирия,Ирак жерлеріндегі қандастарымызды елімізге алып келу.Тек мұны мен ғана шектелмей бейбіт өмірге,қоғамға қайта бейімдеу.Бұл жоба өзге мемлекеттерденде қолдау тауып отыр.Бұл салада Қазақстан үлгі бола білді.Осы жылы президент ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауы мен «ЖУСАН-2»операциясы жүзе асты.Өз отанына 230дан астам азамат,соның ішінде 160жуық бала қайта оралды.Әліде 300 Қазақстан азаматы сол соғыс аумағында бар екен.Елге келген азамат,азаматшаларға баладардың сіңісіп кетуі үшін арнайы мамандар жұмыс жасап жатыр.Соның ішінде:психолог,дінтанушы,исламтанушылар.
         Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні еліміздің амандығы,дініміздің түзулігі,жұртымыздың тыныштығы мәңгі болсын!Дініміздің шұбарлығынан сақтасын.Іштен шыққан жау жаман демекші.Ішімізге іріткі түспей мәңгілік ел болайық.Бабаларымыз айтқандай ақырзаман келгенше Қазақ мәңгілік болсын!!!

Мәліков Наурызбай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті www.kaznu.kz дінтану мамандығының студенті.
Жетекшісі ҚазҰУ, аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.