Әлемдегі ең әдемі қалалар

Әлемдегі ең әдемі қалалар

Мына үлкен ғаламда миллиондаған қала, миллиардтаған жергілікті аймақ бар. Солардың ішіндегі ең әдемі, көздің жауын алатын қалалардың суреттер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Блед, Словения

Бала кезіңізде сүйіп оқыған ертегі есіңізде ме? Оқиғаны көз алдыңызға келтіргенде, шамамен осы суреттегідей бейне елестеген шығар. Расында да, шын өмірдегі қалаға ұқсамайтын бұл мекенде тұру барлық адамға арман секілді.

Бурано, Италия

Шетелдік бейнебаяндар мен романтикалық фильмдерде жиі көрсетілетін бейнені таныдыңыз ба? Түрлі-түсті иллюстрацияға ұқсас келетін бұл сурет сұлулығымен көзді арбай түседі.

Вангвианг, Лаос

Бұл сурет бір қарағанда Маугли, Тарзан орманындағы оқиғаны суреттейтін мультфильмнің анимациялық постері секілді көрінеді. Алайда оның шынайы қаланы бейнелеп тұрғанына сенесіз бе?

Гальштат, Австрия

Экшн, жауынгерлік жанрдағы фильмдерде кейіпкерлердің бірін-бірі қуып, үйлердің үстінде секіріп жүргендерін жиі көретініміз рас. Бұл суретке қарап, сондай фильмнің үзіндісі көз алдыңа келеді. Алайда, бұл фотода нәзіктік, тынымдық та сезіледі.

Гасадалур, Фарер аралдары

Ал мына суретке қарап, жаның жай тауып, көңілің тынышталып қалатындай. Қаланың, қарбаластың белгісі жоқ, жасыл дала мен тұнық су. Демалысты өткізу үшін тамаша жер емес пе?

Дажай, Қытай

Суретті бір көрген кезде бұл мекеннің қала не дала екенін біле алмай ойға батырыңыз анық. Бұл орайда жергілікті тұрғындардың өз елді-мекені туралы пікірін білу қызықты көрінеді.

Дамюльс, Австрия

Міне, бұл нағыз ертегі бейнесі. Қалың қар, еркін дала, жарқыраған шамдар мен мәңгі жасыл шыршалар. Жаңажылдық оқиғаны түсіруге таптырмайтын мекен екені сөзсіз.

Дезенцано-дель-Гарда, Италия

Қаланы қоршаған асқар тау мен биік ағаштар біздің еліміздегі қалаларға ұқсас. Алайда, өзіндік айырмашылығы да бар секілді. Сіз қалай ойлайсыз?

Джиуфен, Тайвань

Заманауи қалашықтың үлгісі деп айтуға әбден лайық Джиуфен мекені. 

Какорток, Гренландия

Егер таңдауыңыз болса, ойыншықтарға ұқсас мына үйлердің бірінде тұрар ма едіңіз?  

Кольмар, Франция

Романтикаға жаны жақын адамдар үшін бұл қалада серуендеу керемет әсер берері анық.

Манарола, Италия

Топтаманы аяқтайтын Манарола қалашығын бейнелейтін мына сурет көздің жауын алып, өзіне шақырып тұрғандай. Егер мүмкіндік болса, осы қалаға саяхаттап баруды кім қаламайды?

Сурет: reddit.com, pinterest.com, nationalgeographic.com

Ф. Абилова