жеке
блог

Сізді жақсы танитын адам...

Адамды өзінен артық жақсы танитын ешкім жоқ шығар. Солай болу да керек. Әлгі данышпандардың өзін танымаған өзгені тани алмайды" дегендері бар емес пе? Солай болғанымен, адамның күні адаммен, өзгенің саған ақыл-кеңес айтқаны, түсінгені, керек жерде қолдай білгені дұрыс.  Сені жақсы білетін адам ғана мұны жасай алады. Әсіресе, өмірлік маңызы бар таңдау жасар алдында, шешім қабылдау керек кезде, қиналғанда сондай адамдарға қатты зәруміз. Ойланып жүрмін... Менің жақсы білетін адам кім? Анам, әкем, бауырларым, достарым? 

****

Өткенде курста отырып мынадай бір мәтінді талқыладық: бір жігіт өзіне қыз іздейді, үйленгісі келе ма бірнәрсе) Оған анасы мен ең жақын досы екі түрлі қызды айтады. Жігіт екеуімен де кездесуге барады. Оның айтуынша, ол үйіндегі адамдармен мүлде сырласпайды екен, ана мен үшін ана ғана, ал досым мені бала кезден біледі, менің одан жасыратын сырым жоқ, ылғи біргеміз дейді. Қысқасы, соңында екі қызбен де кездесіп, өзіне ең дұрыс вариант анасы таңдаған қыз екеніне көзі жетеді. Содан апай сұрақ қоя салды: "Сендерді жақсы білетін кім? Проблемаларыңды кіммен бөлісесіңдер? Былай айтайық, өздеріңе жар таңдайтын кезде кіммен ақылдасар едіңдер?" Дамир мен Бақтиярдың көзі банка, маған қарайды, ал менің аузыма сөз түспеді.

Осы сауал төңірегінде сол сәтте алғаш рет ойналыппын. Мен де солай ойлаймын, мамам мен туралы ешнәрсе білмейтін сияқты. Мен туралы болғанда, менің ішкі жан-дүниемді, ішкі ойларымды, проблемаларымды. Себебі, мен ешқашан да айтуға оқталмаппын. Алдын "Мама, сен кінәлісің!" деген жазбамда да айтып едім ғой. Мынадай жолдар бар еді: "маған жеке проблемаларымды ну енді жігіт-пігіт, өмір, анау-мынау деген әңгімелерді өзімнің туған бауырларыма, мамама қарағанда көшедегі біреуге айта салу әлдеқайда оңайырақ. Кейде басым қатып, арқа сүйер, ақыл айтар естияр адам керек болғанда мамамды қатты іздейтінім бар. Дәтім бармайды. Білем, мамамның кез келген жағдайда көмекке келе алатынын, мені қолдайтынын, бірақ ішімде бірнәрсе жібермей тұрады да қояды". Мұндай жағдай екінің бірінің басында бар сияқты. Әрқашан маманың көмегіне жүгіне бермейсіздер ғой иә?

Мамама қарағанда Замира, Нұрила, Ақерке, Салтанат, Айко, Қарлыға, Анар, Мика...( кете береді) мені жақсы білетін сияқты. Әйтеуір, керек жерде олардың көмегіне, ақыл-кеңесіне жүгінемін.

Мәселен, мамандық таңдар алдында мама мен папа менің дәрігер болғанымды қалады. (Мама "менің жолымды ешқайсысын қумадыңдар" деп өкпелеп отырады, ал папа кезінде сол оқуға тапсырып түсе алмай қалған екен). Ал мен өзімді ақ халатта елестете алмайтынмын, жаным қаламайтын. Олар менің жаныма үңілген де жоқ. Ал құрбыларым әдебиетті таңда, таңда, сенің салаң сол, сен сол жақта ғана жүре аласың деп тұрып алды. Қазір анда-санда таңдауыма өкінгендігіммен, басқа ортада жүре алмайтын сияқтымын. Бұл – меніңкі. Бірақ, мамама таныстары қызыңа құда түсейік десе, "Менің қызыма сенің балаң сияқты жігіттер ұнамайды" деп айтады екен, соған қарағанда ол да өзінше менің талғамым туралы ойлайтын сияқты)

Ұзақ жазып қайтемін, айтайын, сұрайын дегенім, сені тоғыз ай көтеріп, өсірген анаң ғана сені жақсы тани ала ма, әлде, бірге өскен, орта жолда табысқан достарың, әріптестерің, ұстаздарың, жігітің, жарың немесе басқа адамдардың да сені жақсы тануы мүмкін ба?

Сізді жақсы танитын адам кім? Неге олай ойлайсыз? Бір сәт еске түсірейікші... Қалай бармыз солай қабылдайтын, жақсы көретін адамдарға бар болғаны үшін рақмет айтайықшы, аттарын атайық. Олар болмағанда қайтер едік... Бүгінгі жазбамның мақсаты да – бізді жақсы білетін адамдарды еске алу.

(Ойымды жеткізе алмай қалғандай болып отырмын, мені жақсы танитындар түсінетін шығар...)))) Айтпақшы, жазба жазуға себепкер болған Мария Метлицкаяның "Всем сестрам..." кітабын оқуға кеңес берер едім)

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі