жеке
блог

Айлықтан айлыққа дейін...

Екі жылдан бері көмегіне жүгініп келе жатқан стоматолог апайым бар. Мамандығын жақсы көретіні, сол кәсібіне адалдығы, бір жетістікке жетсем, көрсем, жасасам деп тұратыны қызықтырады. Ақылды. Қалтаң қаңырап бос қайтса да, ойға байып қайтасың) Сейфуллин көшесіне жеткенше миым бір төңкеріледі))) Апайдың бір қызығы – бір тіс үшін бірнеше рет шақыратыны. Бірде: "Уф, апай, бүгін бітіре салайық, қайта-қайта келетін уақыт жоқ" деп ашуланып шықтым. Ол кісі айтады:

"Уақыт ешкімге де, ешқашан да жетпеген. Және солай бола береді. Бірақ, не жасап үлгеріп жатырмыз? Жаңа жыл, Жаңа жыл деп бәрін ысырып тастадық, сол Жаңа жыл бізге бірнәрсе беретіндей уақытты да, ақшаны да бетіне қарамай жұмсаймыз. Жылдағыдай өтеді де, кетеді. Содан кейін бір ай бойы кризис. Қарызданып, тіленіп қаңтардың айлығына жетеміз. Сосын ақшаны аламыз да қарызға беріп тастаймыз, ух деп бір күрсініп, тыныш отырамыз. Еш қызығы жоқ, аязды ақпанда айлық күтумен боламыз. Ала сала, Ооо, көктем келді, 8 наурыз, 22 наурыз дейміз) Қайтадан солай, жаңадан киім алғымыз келеді, жаңа стильге ие болуға ұмтыламыз, өзімізге, өзгеге сыйлық жасаймыз, асқазанның қамын ойлаймыз. Тағы да банкрот. 22 наурызға ақша жеткізе алмай, тағы қарыз аламыз, алмасақ та қиналамыз. Наурыздың айлығы таусылды дей беріңіз. Сәуірдің айлығы болса да жаңа жаздық киім алуға, тауға жасалатын серуендерге кетеді. Содан мамырдан бастап той басталады! Той, той! Жаз бойы солай. Асығып-аптығып бәріміз отпуска алуға ұмтыламыз. Ондағы ақшаны да қайда жаратқанымызды білмей, жұмысқа бос қалтаман келіп, бір ай тегін жұмыс істегендей болып жүреміз. Содан күзге киім алуға дайындаламыз, күздің ортасында қысқа киім, бәрін қойшы, пәленбай ақшаға ет аламыз) ал, желтоқсанда қайтадан Жаңа жылға дайындық! Міне, біздің барлық өміріміз осымен өтіп жатыр. Айлықты, стипендияны немесе зейнетақыны күтумен... Осындай режиммен жүрмейтін, бірең-сараң адамдар бар шығар, бірақ қазақтың көпшілігінің өмірі дәл осылай. Бір жылдық өміріңді жаз десе де, он жылдық өміріңіді жаз десе осылай жазып шығасың! Сондықтан, онсызда далаға кетіп жатқан уақыт пен ақшаны аяп не керек?" - дегенді қойып қалады. Ал енді ойлан...

Эээхх, айлықпен, ақшамен өлшенетін құс қанат ғұмыр-ай!) (Ужыс, сексендегі кемпірлер сияқты айттым ау деймін иа?) 

Әзілден тыс, осы өмірді сүрмесем де, біртіңдеп соған келе жатырмын, кете берсем солай өмір сүретінімді де білемін. Бірақ, мүлде қаламаймын. Неужели басқаша өмір сүруге болмайды? Осылай жасаңдар деп ешкім заң жазып қоймаған шығар ә? Кеше Марсқа кететін еріктілерді оқып әбден мазақтап едім, бірақ, басқа өмір сүру үшін басқа планетаға кетіп қалу керек сияқты)))

Жоқ, айтыңызшы, апайдың айтқаны рас қой?! Біздің бүкіл өміріміз уақытпен өлшенеді: күндер сағаттан тұрады, ал сол сағаттар біздің айлығымызды, жылдар танымымызды анықтайды. Арасында бірер минөтті тауып, тамақ ішіп келеміз де, қайтадан да сол жұмысқа жабысамыз (туған-туыс, бауырға, досқа хабарласып жағдай сұрауға болса да уақыт жоқ, Миканың айға қарауға уақыт жоқ деген сөзі еске түсті...) Сағатқа жиі қараймыз. Қараймыз да, жоспар құрамыз. Ал уақыт кетіп жатыр. Содан бір күні өтіп кеткен секундтарды, минуттарды, сағаттарды, күндерді, апталарды, айларды, жылдарды, онжылдықтарды дұрыс жұмсадым ба деп ойлайды адам. Ары ойланып, бері ойланып шатасып кетеді, өкінеді, сөйтеді де, и құрсыншы өтетін өмір ғой, ойланып не керек деп қол сілтей салады) Білу мүмкін емес шығар, қанша адамның дәл осылай жасағандығын)

Қысқасы, менде депрессия или сентиментальді романдарды көп оқып қойдым, әйтеуір, мына өмірді еш жақсы көріп жүргенім жоқ) Әлде қыс әсер етті ме? Ауылға барып келгелі сама не своя болып кеттім) Бұрын ата-анам үшін өмір сүретінмін, олар үшін бірнәрсе жасаймын дейтінмін, кейін ештеңе жасай алмайтындығымды түсіндім, ата-ана қарызын өтеу мүмкін емес нәрсе((Олардың күн сайын бір мүшесінің сыр беріп жатқандығын көргенде ештеңе жасай алмайтындығыңы үшін өзіңді жейсің және Ақеркенің: "Қартайғанша өмір сүргім келмейді, бала-шағамды өсірген соң өле салғым келеді, ауырасың, сыздайсың, күнің біреуге қарап қалады, өткен өміріңді ойлап өзіңді жейсің..." дейтін сөздері еске түседі. Кейін әлі жоқ күйеуім, бала-шағам үшін өмір сүре бастадым. Олармен бірге ешкімде болмаған бақытты өмірді сүремін деп жоспар құрып жүрдім... Ал қазір сол арман-қиялдарға өзім де сене алмай отырмын... 

Миларыңызды ашытып жібердім бе, өзімнің де миым ашып кетті)) Ары қарай жаза берсем, біраз сыр ашылып қалатын сияқты. Мені аяп, әсіресе, ұрыспай-ақ қойыңыздаршы, бір сәттік әлсіздігім деп қабылдауларыңызды сұраймын)

Айтпақшы, "бәрі жақсы болады деп өзімді алдап қоюды ұмытпайын)

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі