жеке
блог

Бір күнде 3 кино)

Осы жылғы кештерімнің басым  бөлігі театрда, кинотеатрда және кітаптың жанында өтті. Қолым босай қалса, осы үшеуін іздеп кететін әдет болды) Кеше де осындай мүмкіндік берілді. Атақты "Шыршалардың" үшінші бөлімінің алғашқы көрсетіліміне бардық. 


Бұдан бұрын Иван Ургант пен Сергей Светлаковтың суреті қойылған жарнамаларды қаланың бұрыш-бұрышынан көріп жүретінмін. Қызыққанда айтатын әдеттегі : "О, көремін!" деген сөз аузыма түспеді, ниетте жоқ болды. Шамасы, қызықпағаным ғой) Әй, соным бекер болыпты)

Ойда жоқта бардым, көрдім. Басынан аяғына дейін мынадай қалыпты отырдым:


Көріңіз, көрмеңіз деп кеңес бергім келіп отырған жоқ. Күнделікті күйбең, қалыпты тіршіліктен шаршаған, позитивті көңіл-күйге зәру, жақсылық жасауды әдетінен алып тастаған, махаббатқа сенуден қалып бара жатқан және Жаңа жыл мерекесін жақсы көретін көрермендер іздеп барады деп сенемін. Әсіресе, Пират пен Иоконың махаббаты әбден сүйсіндірді-ау) Бала-шағамен де ұялмай бара беріңіздер!)

Анау жоғарыдағы брошюраларды көрдіңіз ғой, кеше фильмнің басталғанын күтіп отырып, ақтарып тастадым. Не деген фильмдер!!! Олар жарысып түсіріп жатыр, ал біз көріп үлгере алмай жатырмыз! Қазір адамдар жайдан-жай кино түсіре беретіндей ақымақ емес, ерігіп жүрген жоқ. Бәрінің де бір айтары бар. Түгел көріп тастамасақ та, таңдап-талғап көруге тырысайықшы, ауылда тұрсақ мақұл екен)

Сонымен екінші кино туралы) Бір досыммен кездесеміз деп келісіп қойып едік, "Хоббит: Пустошь Смауганы" көргіміз келіп жүрген. Киноға деген махаббатым ашылып кетті де, екіншісін көре салайық дедім. Тағы да ойда жоқ та кіріп кеттік.

Хобитті бастан-аяқ былай көрдім:

 

Байқұс досымды аяп кеттім. Менің қорыққанымнан ол қорқып отырды-ау) Жалпы, көлеңкесінен қорқып жүретін адамдар үшін басқаша әсер етеді. Әйтпесе, алып бара жатқан ешнәрсесі жоқ. Оның сапасы, сюжеттері, актерлары туралы ештеңе айтпай-ақ қояйын, әлем мойындаған фильм емес пе? Әр қадамдары шытырман оқиғаларға толы. "Шыршаларда" өз өмірімнің оқиғалары еске түсіп, салыстырып отырсам, "Хобитте" оған шама келмей қалды. Мүлдем бөлек әлем, бөлек таным. 

Күшті фильм ғой) Бірақ... Бірақ, сол ұнамады. Самал ағайдың "Біздің Айгерімге ештеңе ұнамайды, ұнатуы қиын" деуші еді. Есіме түсіп отыр. Адамның уақытын алатын бос нәрсе сияқты көрінді, ешбірі де ақиқатқа ұласпайтын... Әлде мен түсінбедім бе?

"Хобит" бітпей жатып, уатсаптан келген смс-тен кейін үшінші кино басталып кетті) Жеке өмірім ғой, ол туралы ештеңе айтпай-ақ қояйын)

Мен не деп сандырақтап отырмын, өмірдің әрбір күні бір киноға тең емес пе? Сценарийі де алдын-ала жазылып қойған... Тек, барлығымыздың жағымды кейіпкер бола алмайтынымыз өкінішті-ақ...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі