Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сұлулық бақ па, сор ма?

Сұлулық бақ па, сор ма?

Сұлулық бақ па, сор ма?

Себебін ешкім білмейді, әйтеуір мына жалғандағы тіршілік иелерінің барлығы да сұлулыққа құмар: ұшқан құс та, жыбырлаған жәндік те, екі аяқ, жұмыр бас пенделер де... Сіз де, мен де сұлулықтың құлымыз. Сыртымыздан: "Қойшы, осы түріме шүкір, сұлу болғым келмейді" дейтіндердің өзі іштей сұлулықты қалап тұрады. Сұлу болу үшін боянамыз, киінеміз, енді біріміз пластикалық операцияның көмегіне жүгініп те жүрміз. Бірақ, не үшін? Неге денсаулығымызды, ақшамызды оның жолында құрбан етеді екенбіз? Неге сұлулыққа ұмтыламыз? Сұлу болып жетісіп жүрген кім бар екен?

Құстың сұлуы - аққу ма? Оны да сұлу болғаны үшін атып аламыз. Сиреп кетті.

Аңның сұлуы - қоян ба? елік пе? Оларды да жойып жатырмыз. Саусақпен санап алуға болады.

Гүл ме? Бар "күнәсі" - әдемі болғаны. Аямаймыз. Көзді жұмып тұрып жұла саламыз.

Әйел заты ма? Оның қайбірі жетісіп жүр? Қазақта тіл-көз деген бар. Сұлулықтың алдында нәпсісін тыя алмайтын еркектер бар. Іші тар күншілдер бар. Сұлулар - осылардың құрбаны.

Бұрын мектепте құрбым болатын. Мен оқыған мектептегі ең сұлуы сол болды десем артық айтқандығым емес. Сұлулығын сөзбен айтып жеткізе алмаймын(әрине, ешкімді бөліп жарып отырғанымжоқ, десе де оған қарап отырып Алланың шеберлігіне қалай бас игеніңізді білмей қаласыз..). Ауыратын. Өте көп ауырып жатып қалатын. Дәрі де, укол да көмектескен емес. Көз тиген.

Осында танысып, араласқан бір құрбым да онымен тағдырлас. Оның есімін естігенде селт етпейтін жігіт, іштей қызғанбайтын қыздар жоқ. Оның да ауырмайтын күні аз. Тағы да сол тіл-көз. Өмірде көрген қиындықтарын ешкімнің басына салмасын. Сұлулығы оған ешқашан бақ әкелген емес, сордан басын көтертпеді. Кейді иығын басыма қойып: "Айкаа, мен не жаздым, не күнә жасадым?" дегенде, "Сұлу болғаның үшін күнәлісің" деп айтқым-ақ келеді... Қорқамын.

Бекзат айтушы еді: "Сұлу өзінің сұлу екендігін білген күні сайтанға айналады, Ақын өзінің ақын екендігін білген күні періге айналады" деп. Сұлумын деп кеудесін керіп, адамдықты ұмытқандар қаншама? Сұлумын деп тәнін сатқандар қаншама?

Қыздар бар айнаның алдына отырып: "мен неге сұлу емеспін? неге менің көзім кішкентай? неге менің ерінім дәу?" деген сұрақтарын айнаға қоятын. Сондайда сұлу болудың да сұрауы бар екендігін естен шығармайық.

Ал сіз не дейсіз? Сұлулық бақ па? Әлде сор ма?

29
Рейтинг: +9

Жазылған уақыты: 19 ақпан 2013, 09:48
Тегтер: сұлулық, сұлулық бақ па, сор ма?

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.