Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Махаббатты жоқ дейтіндерге жауап!

Махаббатты жоқ дейтіндерге жауап!

Махаббатты жоқ дейтіндерге жауап!

Тақырыпты оқи салып, "оооой, тағы да осы бір махаббат па?" деген боларсыз) Иә, тағы да сол МАХАББАТ! Баяғы тізесі шығып, талайларды мезі еткен тақырыпта аздап ой өрбітіп көрсем деп едім) Өзім махаббат туралы көп айта бермеймін ғой, бір жолға рұқсат берерсіздер ә?)))

Баяғыда мектепте оқып жүргенде біріміз бірімізден өтіп "Анкета" деген нәрсе арнайтынбыз. Бірінші бетін ашып қалсаң: Аты-жөнің кім? Қай жылғысың? Руың не? Кімнің қасында отырасың? секілді қуып кеткен сұрақтар жазылатын. Анкетаның иесі толтыр деп берген соң, үйге барып киімімізді шешуге шамамыз келместен, отыра қап толтыруға кірісетінбіз) Оның екінші бетіне үндінің, корейдің қыз-жігіттері түскен суреттерді жабыстыратынбыз да, шағын ғана цытаталармен әсепттейтінбіз. Сондайда мен: "Адам бір-ақ рет сүйеді, бір-ақ рет өледі", "Әркімге өмір де бір-ақ рет беріледі, махаббат та бір-ақ рет кезігеді" сынды сөздерді әртүрлі ручкалармен жазып шығатынмын. Өзім де осы қағидамен бойжеттім. Бір ғана адамды сүйемін, сосын онымен бірге жүремін, сол жанға тұрмысқа шығып, балаларының анасы боламын, бірге қартаямын деп армандайтынмын. Сол ниетпен, сол тілекпен мектепте 11 жыл бойы бір жігітті жақсы көрдім, ол да мені...


Қазір ше? Жігітте, Сезім де, баяғы ес-түссіз ғашық Айгерім де жоқ! Сезімдеріміз барынша шынайы секілді еді. Бірақ тағдыр екеумізді екі жаққа айдап салды. 

Онан кейін жаңа қалаға, жаңа ортаға келдім. Жаңа адамдармен таныстым. Тағы да ғашық болдым. Жек көрдім. Қайта ұнаттым. Өзімнен едәуір үлкен жастағы ағайға деген түсініксіз сезіммен арпалыстым. Ең соңында жүрек тоңып, кеуде солып, жалғыз қалдым. Міне енді қайдағы бір қиялымдағы, шынайы өмірде жоқ "Көктемді" күтіп жүрмін. Баяғы сезімге адал, сөзіне берік Айгерім сезімсіз болып сеңделіп жүр...

Осындайда көп нәрсені ойлануға уақытың болады екен? Қалай сонда? Бәрінің өтірік болғаны ма? Махаббаттың бар екені өтірік қой... Жо-жоқ, Айгерім! Есің дұрыс па, оны жоқ деуге қалай дәтің барады? Кезінде құлай сүйдім емес пе? Олай болса, қайда сонда махаббаттың бір рет қана болатыны?... Осындай ойлардың тұңғиығына батасың. Батасың да, өмір сүру керек болған соң қайта шығасың. Қайткенмен де, махаббатты жоқ деуге дәтім бармайды екен. Өйткені ол сезіммен жақсы таныспын...

Бір кездері сіз секілді махаббатты жоқ дейтіндердің соңынан еріп кеткенмін. Өйткені, оның бар екендігін мойындататын дәлелім жоқ еді... Осылай екі ортада сатылып жүргенімде қолыма Бексұлтан Нұржекеевтің "Бейтаныс әйелдің құпиясы" деген кітабы түсті. Мазалап жүрген сұрақтарыма түгелдей дерлік жауапты осы кітаптан алдым. Әрине, оның бәрін сіздерге түсіндіріп, жазып беру мүмкін емес нәрсе екенін білесіздер. Десе де, мен секілді сұрақтардың астында қалып, өз ойымен арпалысып жүрген оқырмандарға мына бір жолдарды ұсынып көрейін:

"...Бір ойды бір ой қуып, бір ойдан бір ой туып, ұзақ дөңбекшідім. Ақырында келіп мен де ежелгі тұжырымға тірелдім: бір адамның ғұмыры БІР МАХАББАТТЫҢ тарихы екен. Қазіргінің қадірін кісі өткеніне қарап түсінеді екен. Өткенің болмаса, мен оны дәл бүйтіп сүйе алар ма ем? Сүйе алмас ем. Демек, махаббаттың біреу ғана екені рас. Тек бір адамның өмірінің де балалығы, жігіттігі, қарттығы болатыны сияқты, бір махаббаттың да бірнеше өмір жасы, есею кезеңі бар: балабақшадағы, мектептегі алғашқы махаббатың - оның балауса балаң кезі болса, жоғары сыныптардағы, студенттік кездегі махаббат - ержетіп ес тоқтатқаны. Адамда бір ғана махаббат болатынына, оның да зәулім бәйтерек құсап бірте-бірте есейетініне, ал оның жеке-жеке бұтақтары жеке-жеке махаббат емес, бір махаббаттың ержету кезеңдері, яғни бұтақтары ғана екеніне көзім шүбәсіз жетті..."

Иә, Махаббат бар! Және бола береді! Ал мен сол нағыз махаббатымды күтетін боламын!)

36
Рейтинг: +11

Жазылған уақыты: 12 ақпан 2013, 08:39
Тегтер: махаббат, махаббат турады, махаббат туралы шығармалар, Бексұлтан Нұржекеев

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.