жеке
блог

Бір сағыныш... Бір өкініш...

Кеше үзіліс уақытында қыздар болып әңгіме-дүкен құрдық. Тақырып - ата-әжелер. Бірі даттап, бірі мақтап әлек. Үнсіз ғана тыңдап отырдым. "Менің апам мынандай, менің атам былай дейді..." сынды әңгімелерді айтқандарды іштей қызғанып отырмын... Кеудемде бір өксік пайда болды. Мені жылдар бойы мазалап жүрген бір өкініш пен бір сағыныш өне бойымды қайта билеп алды... Иә, өкініш, сағыныш деген сезімдердің дәмін ерте татқанмын...

Апамды мүлде көрмеген екенмін. Тіпті мамам да көрмеген. 80-ші жылдардың аяғында папам ауған соғысына кеткенде қайтыс болып, папам да жерлеу рәсіміне қатыса алмаған. Бірақ, көзін көргендер апаңның көшіремесісің деп жатады))

Ал атам... Жаным, аташым мен алты жасар кезде бақилық болды. Алты жасар бала не біледі? Бірақ оның жүзін әлсін-әлсін көз алдыма әкеле аламын. Сақалымен ойнау - менің сүйікті ермегім еді)) "Бұлбұлым" деп еркелетуші еді: Үйге қонақ келе қалса: "Оооой, сендер менің бұлбұлымның қалай сайрайтынын білмейсіңдер ғой, қане бұлбұлым сайрашы" десе үстелдің үстіне шығып алып айқайлап өлең айтады екенмін. Өзінің замандас достарына "менің балапандарым да өзім сиқяты пенсия(мектепте үздік оқитындарға степендия беретін) алады" деп мақтанатындығын жиі естимін. Ауылға барғанда ақсақалдарға амандасуға барсақ, алжыған, танымайды. "Кімсің ей?" дейді, сондайда "Сматулланың пенсия алатын қызымын ғой" десең бірден тани кетеді)) Атамды мақтап сала береді. Ол кісі Ұлы Отан соғысынан келген соң, 35 жыл математика пәнінен сабақ беріп, өмірінің соңғы жылдарында ауыл имамы болған.

                    (Оң жақтағы мен, ортасында атам, сол жақтағы әпкем Алтынай(1994 жыл))

 

Өзінің балаларына ренжісе, көзіме көрінбеңдер, мені құлындарым-ақ асырайды, қане балам, айтшы, мені немен асырайсың десе:

- Алмамен, сүтпен, сүткен нан турап беремін, - деп тақылдай жөнеледі екенмін. Ең алғашқы шәкіртақымды алғанда "алма" алып бергім келді, бірақ, атам жоқ еді... Ең алғашқы айлығымды алғанда сүт сатып алып бергім келді, оны ішетін атам жоқ...

Жылдар өтті. Бірақ, мені әлі күнге дейін атам секілді ешкім де еркелетпепті, ешкім де құшақтамапты. Ұрысса "Иттің ғана баласы" дейтін. Қазір маған одан тәтті сөз жоқ. Ол бар да маған ешкім даусын да, қолын да көтермейтін. "Оны ұрғанша, мені ұрыңдар" дейді екен. Бала кезімде мама-папаға режісем, "сендер мені асырап алғансыңдар, мені атам туған" деп қырдағы бейітке жүгіріп кететінмін...

Айта берсең, естеліктер көп-ақ. Олар ешкімге қызық бола қоймас. Кеудемде бірнеше жылдардан бері өзегімді өртеп жүрген бір өкініш бар еді. Сол кеудеме сыймай бара жатқан мұңыммен бөліссем деймін...

Бір күні атам ойламаған жерден ауырып қалды. Папам көршілерді машинасымен Жаңатас деген қалаға алып кеткен болатын. Ауруханаға алып баратын көлік таппай қиналып қалдық(ары-қарай не болғанын есіме түсіре алмадым). Әйтеуір, атам үйде ұзақ уақыт жоқ болып кетті. Көп уақыт өткен соң,  көкелердің атаны үйге көтеріп алып келгені ғана есімде.(Кейіннен естідім, оған жасалған ота сәтті өткен соң, папамды Шарбану(мамам) мен балалар әбіржіп қалады, мен жақсымен, сен үйге кете бер деп қайтарып жіберіпті де, бір өзі әжетханаға шығамын деп баспалдақтан оңбай құлапты, одан сайын нашарлап кеткен соң, дәрігерлер жарамайтындығын айтып, алып кетіңдер деген көрінеді). Үйде адамдар күрт көбейіп кетті. Алыстағы аға-әпкелеріміз келіп жатыр. Той шығар деп ойлап қоямын.  Атамды өзінің бөлмесіне жатқызды. Есіктен қайта-қайта сығалайтынмын. Сол кездегі бейнесі әлі есімде... Көзі кіртейіп, сұп-сұр болып жататын. Сондай қорқынышты. Өлгелі жатқанын ойламаппын да ғой. Кәмпит әкелді ма екен, сұраңдаршы деп шауып жүрмін. Сонда мамам: Алтынай(7 жаста), Айгерім, Нұржамал(2жаста) сендерді аталарың шақырып жатыр жанына барып отырыңдар, - деді. Ол екеуі кетті, мен не үшін бармағанымды білмеймін, әйтеуір сыртқа қашып шығып кеттім. Қорықтым ба, еркеледім ба білмеймін...

Бірнеше минуттардан кейін үйде жылаған дауыстар шыға бастады. Бізді көршілердің үйіне апарып тастады. Ертесіне атамды жерлеуге апара жатқанда (жапырлаған халықтың көтеріп әкетіп жатқаны көз алдымда) жыламаппын да, "атау, қайда кеттің?" деп сұрамаппын да. Көрші балдармен ойнап, дастархандағы тәттілерді жеп жүре беріппін...(((((

Әлі күнге дейін, неге сонда бармадым, не айтқысы келді екен деген ойлар маған маза берген емес. Өкініш өртеп барады.

Аташым, кешірші мені, сені қатты сағындым.....

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі