Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "... Сүйіп өтем бір сені"

"... Сүйіп өтем бір сені"

 "Бәйдібекте" айтылған бесік жыры анамның...

"Ән мен күйдің мекені,

Сүйіп өтем бір сені

Алғабасым!

(ән мәтінінен)

Қайырлы күн достар! "Туған жер" туралы кезексөздің таяқшасы кімде екендігін таба алмадым. Қарсы болмасаңыздар, өздеріңізді кіндік қаным тамған аяулы мекенмен таныстырғым келіп отыр...

Жалпы, қазақ даласының әрбір тасы, әрбір тұтам жері - тарих шежіресі деп ойлаймын. Мені алақанына салып аялап өсірген өлкенің де тұла бойы тұнып тұрған тарих. Ертедегі қазақ-жоңғар шапқыншылығында талай қазақтың қаны төгілген өрісті өңір - Оңтүстік Қазақстан облысындағы алдыңғы қатарлы аудандардың бірі.

Қазақтың атақты биі әрі ханы болған батыр Бәйдібек Қарашаұлының атымен аталатын аудан 1965 жылға дейін Шаян, 1996 жылға дейін Алғабас ауданы болып келді. Менің Бәйдібегім Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінде, қырқалы жазықта жатыр.


Аудан орталығы - Шаян( "Шаянға барсам әншімін деме" деген аталы сөзді естулеріңіз бар шығар). Бәйдібек бабаның жары, өз заманында адамгершілігімен, парасаттылығымен аты шыққан Домалақ ана(Нұрила) кесенесі де аудан аумағында орналасқан.

 

Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым...

Балдай тәтті балалық шағым өткен жер - Ағыбет аталады.


Атақты Тоғанас, Байжігіт батырларды, Ағыбет, Жанғазы билерді дүниеге әкелген өлкенің тасы да, тауы да мен үшін қымбат. Жарылқасын Дәулет, Айгерім Қалаубаева, Біржан Байтуов, Нұрзат Бекасыл сынды дарындар да Майбұлақтың топырағында аунап өскен.

Қаратауға қасқайып қарап тұрған Мұзбел жотасымен түсетін болсаңыз менің Ағыбетімді көресіз.

 Мынау ауылымыздың жоғары бөлігінде орналасқан - Қапшағай су қоймасы

Көктем мезгілінде бұл жерге шыққан қызғалдақтан аяқ басып жүре алмай қаласыз(бұрындары абыр-сабыр болып қызғалдаққа шығушы едік, үш жыл болды қызғалдақ көрмегелі(((( )

Он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебім! Мектепке ержүрек Есіркеп батырдың аты берілген.

Ауылды қақ жарып ағып өтетін Кіші Шаян өзені

 

Өңірдің Майбұлақ аталуына себеп болған майлы бұлақ талай жаннын дертіне шипа болды. Бұлақты іздеп алыстан келетін ағайындардың қатары көп.

"Боралдай" орман шаруашылығы

Қыр гүлімен бірге өскенмін...

Жалаң аяк жар кешкенмін...

Кәусардың мұңсыз күндері өткен кәусар мекен

Еркелегімді үнсіз көтерген ауылымның бойында бір ғаламат сабыр бар-ау...

Туған жерге табынған, бір балаңмын сағынған...

 

П.С. Суреттерді осыдан үш жыл уақыт бұрын түсірген болатынмын. Әттең-ай, тек қана табиғатты түсірген екенмін((( Салып отырып аздап ұялдым)) Алдағы уақытта ауылдың толық суреттерін тағы да салуға уәде беремін.

47
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 31 қаңтар 2013, 14:03
Тегтер: бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылы, Майбұлақ, майбұлақ өңірі, туған жер, ауыл, Айгерім Сматуллаева, Есіркеп батыр мектебі

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.