Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жат жерге барып... Ақ жаулық тағып...

Жат жерге барып... Ақ жаулық тағып...

Жат жерге барып... Ақ жаулық тағып...

Шынымды айтсам, Шымкент деген сөзді естісе: «Ойбааай, Шымкенттен Құдайдың өзі сақтасын!», «Ужыыыс, Шымкентке барсаң алып қашып кетеді», «Қооойш сол, Шымкенттіктер деген жабайы сияқты!» деген сөздердің түп-төркініне барып ойлана бермейтінмін. Батыстық, солтүстіктік, шығыстық құрбыларымның мұндай сөздеріне әжептеуір ренжіп қалатыным бар))) Өйткені, қыз алып қашу оқиғасының куәгері ешқашан болған емеспін және өз туыстарымның себепкер болғанын байқамаған екенмін. Руымыз Қожа болғандықтан ба,  біздің әулетте әдетте құда түсіп, көз де, көңіл де таныс жерден, ата-ана мен жастардың келісімімен атқарылатын бұл дәстүр.

Шымкентке барған соңғы сапарымда, алып қашу дегеннің көкесін көрдім. Таң атпастан поездан түссем, папам звондап: "ағаң жаңа ғана келіншек әкеліпті, сол жаққа бара бер, мамаң екеуміз сонда барамыз» деді.

Аң-таңмын! Кеше ғана ондай хабар жоқ еді! Көкелердің үйіне келсем, у-шу, ырду-дырду. Ағамның жолдас балдары өлгенше ішіп алған. Мән-жайды сұрап білсем, қызды алдап шақырып, үй киімімен, галошымен алып қашып келген екен. Екеуі бір-екі рет қана телефонмен сөйлесіпті. Тіпті, ағам үйіне келін әкелетінін екі сағат бұрын ғана айтқан екен. Қыз көнбей айқай-шу шығарып, «қой-қойлаған» апа-жеңгелерімізді теуіп, соғып быт-шытын шығарыпты. Кейін өзінің туған анасы келген соң ғана басылған көрінеді.

Бәрімен амандық-саулық сұрасып болған соң, үйдегілер жеңгеннің қасында отыр деп шымылдыққа кіргізіп жіберді. Қызыыық! Шымылдыққа өмірімде ең алғаш рет бас сұғып тұрмын( Аллам соңғы рет кіргізбесін деп тілейін)... Отырдым. Өзіммен қатар, кіп-кішкентай сары қыз. Жанарынан жас тамып отыр. Аядым.Мединституттың 3-курсында оқиды екен. Жақын тартып біраз сөйлестім. Сырластық. Армандары да, мақсаттары тым басқа. Әттең-ай, қолымда билік болса, өзім-ақ үйіне апарып салар едім...((

Таң ата салысымен, басқа туыстарымыз топырлап келе бастады. Қыздың жағдайымен мүлде жұмыстары жоқ. «Құтты болсын, құтты болсын» деп қап-қатты кәмпиттерін тура адамның басына шашады-ай кеп))) Мен шыдай алмай шығып кеттім(ана байқұс қалды). Негізі, қыздың қасында шарасыз отыра беруге шыдамадым...

Аз уақыттан соң, қызды қинап жаздырған жалған "қолхатты" алып айыпшылар кетті, дүйім жұртты жинаған беташар болды, неке қиылды(өмірімде алғаш рет неке куәгері болдым, "Куә, куәлармыз деп басталатын сөздерді әлі ұмытқа жоқ)),қуғыншылар келді. Сосын жуыс басталды. Қыз байқұстар неге болсын көнеді ғой! Ақан сері бабамыз бір өлеңінде «Қыздан асқан, сорлы бар ма мына жалғанда!?» деуші еді. Тауып айтқан екен! Бірер сағат бұрын біреудің мәпелеп өсірген, аялап алақанда ұстап отырған қызы – өмірінде көрмеген адамның жары, бөтен шаңырақтың келіні атанды.

Білем, келісем, қыз болып дүниеге келген соң, өз орныңды тауып, жаңа отбасының түтінін түтету керек! Тиіс! Бірақ, қыздарда да жүрек бар ғой, мұнша жабайылықты, тағылықты қоялықшы....

41
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 10 қаңтар 2013, 14:37
Тегтер: қыз алып қаушу, келін түсіру

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.