Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алатаудың жалғыз қызын сағындым!

Алатаудың жалғыз қызын сағындым!

Алатаудың жалғыз қызын сағындым!

Дәл осы жазбамды кеше таңертең 8:22 де жазғым келген еді... Мүмкіндік болмады... Алатаудың жалғыз қызына деген сағынышымды Массагетіммен бөліскім келді.

Он күн бойы өрісті өлкем оңтүстік жерін басып, шырайлы Шымқаланың иісін иіскеп, кіндік қаным тамған жерім Бәйдібегімнің топырағында армансыз аунап артымда қол бұлғап қалған Ару Алматыға қайта оралдым. Келу үшін кеткенмін.

Әкем мен анамның ыстық құшағы мен бауырларымның жарқын жүздерін, туған-туыстың "абайлап жүріңдер, біреу ап қашып кетпесін, оқуларыңды бітірңдеп, бұзық болмаңдар" деген әбден мезі еткен сөздерін "қимай" темір тұлпарға мінгенде:

Мын дөңгелек мұңға бөлеп вокзалды

Алматыға жүрдек поезд қозғалды

Артымызда қош-қош деген сөз қалды... деген бір ағамның "тақпағы" еріксіз еске түсті. Он төрт сағат жолды артқа тастап, жүрегім алып-ұшып алып қалаға да келіп жеттік-ау! Алматы-2 ге келдік дегенде ішім алай-дүлей болып сала берді. Бұл сезімді алғаш рет өткеріп тұрғам жоқ. Өйткені Алматыны ылғи да сағынамын, сағынған сайын дәл осындай күйге бөленетінім бар...


Қалаға келгеніме үш жылдың жүзі болып қалды. Үш жыл бойы Алматы мені аяған емес. Қаншама рет жылатты. Алматының ұрылары мен қатыгез адамдарының қаншама рет құрбаны болдым десеңізші!? Қаншама рет суығына тоңып, төсек тартып жатып қалдым. Әрбір сәтсіздігіме, "Алматыыы, неткен қатал едің?" деп кінә тағып жыладым да, құладым да...

Не құдіреті барын, сонда да, Алатаудың жалғыз қызын жақсы көред екенмін! Қатты-қатты...

Алматыны қатты құшақтап алып, Қайсар ағаша:

Жоқ дейсің бе әкем, жоқ дейсің бе анам?!!
Жүрек қой мынау дерттей сыздаған. 
Өзекке тепсең өзің біл енді, 
Сонда да сүйем!
Не істейсің маған, 
АЛМАТЫ?!!! - дегім келді. Әттең, құшағым жетпейді ғой...

Көп нәрсе жазғым келіп отыр, ойым бір арнаға жинақталар емес. Уақыттарыңызды алып қайтемін, мыжи бермей кеудемді кернеп бара жтақан бір ауыз сөзбен аяқтай салғаным жөн болар:

"АЛАТАУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ҚЫЗЫ, САҒЫНДЫМ СЕНІ!!!!"

15
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 08 қаңтар 2013, 10:31
Тегтер: Алматы, сағыншы, туған жер

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.