Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Құлпынай қосылған балмұздақ" жеп болған соң...

"Құлпынай қосылған балмұздақ" жеп болған соң...

Бәрі де көктемнің соңғы айларында басталды. Төртінші семестрдің алғашқы емтиханында отырғанмын, сұрағымның екіншісі: "Қазіргі қазақ романдары" деп келді. Төбе шашымның тік тұрғаны-ай)! Енді қайттім!? Қазіргілерден қарқ қылып оқып жүрген ешкімім жоқ... Сенгенім шпор болды, жалтақ-жалтақ етіп отырып, шпорымды қолыма алып ашып қарасам: "Сұмдық-ай! Мүлде басқа жауаптар жазылған!". Мұздай терім бұрқ ете қалды. Жанымда ылғи топтасым Бекзат отыратын. Нақты біледі деген сенімім болмаса да, үмітсіз шайтан деп, ақырын ғана:

- Бекзат?,-дедім.

- .....(ол бірнәрселер жазып жатыр, қарамады)

-  Бекзааат дим?

Ол басын көтерді. Маған қазіргі қазақ романдары деген сұрақ келіпті. Нестим, дым білмеймін...

- Шпорда жоқпекен не?

- Жоқ! Өтірік бірдемелер жазылған... Сіз білмейсіз бе? Кім бар қазір роман жазып жүрген?

- Ааа айтпақшы, анада Лира Қонысты оқығанмын... дей бергені сол еді, бақылаушы:

- Әй, сен екеуің, доғарыңдар сөзді, шығарып жіберемін!, - деді. Жүрегім су ете қалды да, білгенімді жазуға кірістім. "Лира Қоныс"... Қазіргі қазақ романдарының қатарына "Лира Қонысты" жатқызуға болады деп жазып қойдым. Енді не жазамын? Білетін түгім жоқ. Бекзатты қайта түрттім:

- Не туралы ол "Лира Қоныс"?

- Әй, ол роман емес, автор ғой(ұялғаным-ай, Бекзаттан емес, әдебиеттен, прозадан ұялдым)..

- Ааа, романның аты қандай?

- "Құлпынай қосылған балмұздақ!". Содан не керек, қысқаша мазмұнын айтып берді. Мен оны дамытып жаздым. Өзім білетін тағы бір-екі авторларды қосып жазып шықтым. Сабақтың мұғалімі өте қатал кісі еді. Қатты қорықтым. Өзіме "осыдан бес алсам, қазіргі романдарды әсіресе Лира Қонысты, оның "Құлпынай қосылған балмұздағын" оқып шығамын деп уәде бердім.

Содан не керек, "бестікті" алдым. Бірақ уәдемді ұмытып кеттім. Жаз айларында қолыма Лираның "Мәңгілік сағыныш" атты кітабы түсті. Оқып тастадым. Бірақ  "Құлпынай қосылған балмұздағын" таба алмадым. Ашығын айтсам іздемедім....

Міне бесінші семестер аяқталды. Алда алты жақтан анталап, алты емтихан күтіп тұр. Бөлмеде жатып, былтырғы емтихандағы жағдай есіме түсті де атып тұрдым. Тым болмаса, уәдемді орындап кірейінші деген оймен аталған кітапты іздеуге кірістім. Таптым! Кешегі үш күн демалысты сол кітапты оқуға арнаймын деп жоспар құрып тастағанмын. Қызыққаным соншалықты 4-5 сағатта бітіріп тастадым. 


Білесіздер ме? Романды оқып отырып прозаға шын ғашық болдым. Автор секілді оған тұрмысқа шыққым келді, оның тұтқыны болғым келді. Балалық шақтағы тәтті кездерім көз алдыма келіп, өкінішті сәттерім, қимастарым есіме түсіп кірпігім жасқа шыланды. Жалпы, әдемі қиялдардың ешқашан жолы болмайтындығын, ылғи да жаназалары шығуымен аяқталатындығын түсіндім. Адамдардың - ақшаның құлына айналып келе жатқандығына тағы да бір көзім жетті. Және өзіңнің бақытсыздығың үшін бақыттылардан өш алудың керегі жоқ екен деп түйдім. Сары қызбен бірге келмеске кеткен асыл атамды сағындым...

Бәрінен де өзім осы күнге дейін сеніп келген махаббат деген сезімнің бар екендігіне күмәндана бастадым. Лира бір сөзінде:

"Қасірет те, қасиет те МАҢДАЙЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛҒАН. Көз жасы - қақтың суы. Күлу - бақыт емес, көз жасыңды өзіңше қымтау. Махаббатты серік еткен жан - өмірдің малайы ғана. Ақымақты мазақтағаның - өзіңнің де ақымақтығыңды көрсеткенің. Пенде ғұмырдың басты алданышы - махаббат. Әркімді арманым деп млдап, алдамшы қиялына арқау етуге арланбай, сайтани нәпсіні де, сорты сан түрлі құмарлықты да махаббат деп түсінетін қауым - үміті ұрланғандар. бастысы махаббаттың орындалмас қиял ғана екені ұтымды ақиқат" дейді.

Әрине, әркімнің өз пікірі бар. Дегенмен Лира Қоныс қанша жас болса да, көп нәрсеге шынайы қарауды үйрете алады екен.

Бәрін айт та бірін айт армансыз отырып "ҚҰЛПЫНАЙ ҚОСЫЛҒАН БАЛМҰЗДАҚ ЖЕГІМ КЕЛДІ!!!"


Роман ауыз толтырып айтарлықтай керемет те емес. Бірақ балдай тәтті балдәурен шақтарыңызға саяхат жасап шыққыларыңыз келсе, оқып шығуларыңызға кеңес беремін. Роман мистикалық бағытта жазылған. Қайнаған қала мен алыстағы ауыл өмірін бүгінгі кейіпкердің көзімен шынайы бейнелейді. Басты кейіпкер Алматыдағы Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысында тұрады.

Оқып бітірсеңіздер, хабарласыңыздаршы, бірге талдайық!))) Күтемін!

24
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 19 желтоқсан 2012, 16:17
Тегтер: Құлыпнай қосылған балмұздақ, роман, романнан алған әсерім

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.