Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ұялғаным-ай((((

Ұялғаным-ай((((

Ұялғаным-ай((((

Бүгінгі жазбам - өткен күндердің еншісінде қалған бір ұятты қылығым туралы...

Кешегі бас-аяғы қарбалас болған күннен шаршап-шалдығып жатақханаға келіп, лифт күтіп тұрғаным сол еді, қайдан пайда болғаны, артымнан ескі танысым шыға келді. Асып-сасып, недерімді білмей, жымиып амандасып едім, қар жауған қабағын ашпастан басын изеді. Ұялғанымнан үндеместен, төмен қарап тұра бердім. Бұрын қал-жағдай сұрап, жаны қалмаушы еді. Демек, әлі ренжулі...

Бәрі де былай басталған болатын...

Тура бір жыл уақыт бұрын, екінші курсымның басы, қазан айы ғой деймін. Бірінші курсымда жоғарғы курстың қыздары есігімді қайта-қайта қағып жүріп, сетевой маркетинг деген бәленің тартпасын қолыма ұстатып еді. Аңқау басым бір-екі мақтау сөздерді естіген соң айналып, «Фито-гауһар» деген желілік маркетингтің ортасынан бірақ шықтым. Жазда үйге барғанда мамам «Қой, құрсын, мына бәлеңді көзімнен құрт, біреуді өлтіріп қойып жүрерсің» деп ұрысқансын айналыспай қойып едім. Жаңа оқу жылы басталысымен баяғы апаларым қыр соңымнан түсіп алды да, офиске баруым жиілей түсті(қазір есіме алып отырып рахаттанып күліп аламын). Бөлмедегілерге «жұмысқа кеттім» дейтінімді қайтерсіз?

Содан жетекшім тез арада үш адам тіркеу керексің деген соң, әріптес іздеуге кірісіп кеттім. Достарымның бәрі сетевойдың атын естісе ат тондарын ала қашады. Жаңа айлаға кірістім. Өтірік айтып офиске шақыру! Жоғарыдағы Ерік(есімі өзгертілді) атты ескі танысым – сол өтірігімнің алғашқы және соңғы құрбаны болып еді))

Ол кезде жатақханада бесінші қабаттың старостасы болатынмын. Көршілерім – өңшең ұлдар. Тоғыз ұл. Бір күні кешкісін обход жасауға барсам, Айбын мен Ерік ерігіп отыр екен. Біраз отырып әңгімеден пердік. Екеуі де жұмыс іздеп жүр екен. Ойыма фито-гауһарым сап ете түсті! Сызылып бастадым:

- Неғой, менің бір туысым өзінің кеңсесіне қызметкер іздеп жатыр еді, қаласаңыздар ертіп алып барайын...-деп едім, екеуінің көздері оттай жанып шыға келді.

Екеуі де хорымен:

- Қандай, қандай?

- Білмедім сол, анықтап сұрамаппын да, бірақ студенттерді аламыз деген..

Ерік:

- Онда бізді апарсаңыз жақсы болар еді...

Мен қуанып кеттім де:

- Ертен сағат 3-те сабағым бітеді. Сізге хабарласайын, аялдамада кездесіп, бірден шығып кетейік,-дедм(Айбынның сабағы 3-те басталады екен, бара алмайтын болды).


Ертесіне сағат екі жарымда Ерікке телефон шалдым. Аялдамада кездестік те 30-ға мініп тартып тұрдық. Абай-Байтұрсыновтан түсіп қалып, кеңсеге қарай жаяу жүріп бара жатырмыз. Ерік байқұстың екі сөзінің бірі: «қандай жұмыс, қандай жұмыс?» Арасында «сетевой болып шықпасын әйтеуір..» деп қояды.

О, сұмдық! Бетім дуылдап барады. Осындайда болады екен ғой? Біреу өтірігімді айтып қояма деп жан-жағыма қарап қоямын. Ұяттан өліп келемін. Кенеттен ет-бетімнен ұшып түстім. Алақаным мен тіземнен қан бұрқ ете қалды. Ерік абыр-сабыр болып, күйгелектеп мені тұрғызып жатыр. Құдайдың жазасы осы шығар деп, көзімнен жас пар ете қалды.

Сонда да қайтпаймын, тұрып алып жүріп келемін. Кеңсеге де жеттім. Жетекшімнің алдына отырғыздым да, өзім алысырақ барып тұрдым. Қарауға бетім жоқ. Жұлдыз өзінің әңгімесін енді бастап келе жатқаны сол еді, Ерік орнынан атып тұрды да, сөмкесін жұлқына асынып, есікке қарай бет алды...

Ұялғаным-ай((( Сол күнгі ұялғаным – кешегі ұялғанымның шаңына да жуымайды...

Кеше Ерікпен әлі де ашық сөйлесіп, кешірім сұрамағаныма қатты өкініп қалдым(((

18
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 06 желтоқсан 2012, 16:05
Тегтер: оқиға, қызықты оқиға, желілік маркетинг

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.