Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сол саябақ...

Сол саябақ...

Сол саябақ...

Кеше оның туылған күні еді. Құттықтамадым. Қайтем енді, мына бір жалған намысым кіп-кішкентай бәленің түймелерін басуға қолымды да жібермесе!? Ренжулі шығарсыз... Ренжитін орныңыз бар.

Туған күніңізді өзімше атап өтпекші болып, "біздің баққа", "біздің орындыққа" барып отырып қайттым. Сіз екеуміздің соңғы рет жүздесіп, қош айтысқан орындығымызға... Жалғыз. Сізді жоқтау үшін емес, өткен күндерді ой елегінен өткізу үшін. Көп жәйттер есімнен шығып та қалыпты... Жүзіңізді ұмыта да бастаппын.


«Қоштасу мекені». Осы саябққа осындай ат тақтым. Мына бір орындықтың жанынан күніне екі рет өтемін. Өзге біреулердің отырғанын көрсем, ішімде қызғаныш оты қыз-қыз қайнап сала береді. Ал қаңырап бос тұрғанын көрсем, «еее, мына жарықтық сіз екеумізді күтіп жүр екен ғой» деп қуанып кетемін. Осы жерді суретке түсіре беру сүйікті ермегіме айналып кетті. Сіз жоқ суреттерді...

Орындыққа біраз шерімді ақтарып алып, өз жөніммен кете бардым. Мен де оны, ол да мені қимай шығарып салды. Кешкісін, көңілім құлазып Ақеркені іздеп, бөлмесіне барып едім, Алтыншапақ Хаутайдың кітабын оқып отыр екен, сұрап алдым, бөлмеме келіп, төсегіме жатып, кітап бетін ашсам, тағы да «Сол саябақ» :

...Сол саябақ – менің гүлзар арманым

Сол сағыныш бұтағында байланған.

Елес толы күндер өткен жан-жағым

Тым көңілсіз құлазиды айналам...

 

Сол саябақ – өткіншіні құп көрер.

Бір албырттық тұнады ылғыи кешінде

Мені мұңға батыратын нүктелер

Көзге жылы көрінеді несіне?

 

Сол саябақ мезгілдерді жөнелтіп,

Өзгерместен өзі қалған тұрақтап.

Шартарапты шаттығына кенелтіп

Өзге күлкі естіледі құлаққа...

 

Сол саябақ...

Мызғымастан тұр ғалам.

Сол келбеттің айқын есте қалары.

Сылдыр қағып сенен көшкен жылғамен

Менен көшкен күндер ағып барады....

Жаттап жатып ұйықтап кетіппін. Түсіме СІЗ еніпсіз....

16
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 29 қараша 2012, 12:02
Тегтер: қоштасу, сезім, мұң, саябақ

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.