Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Махаббат құдіреті

Махаббат құдіреті

Махаббат құдіреті

Түн...Сүттей жарық, айлы түн. Неткен ұзақ, еш бітпейтін түн. Оның лыпыл қаққан қанаттай тоқтаусыз құбылып, тыныштық ала алмай, тағатсыз ойланып отырғанына қанша уақыт болды десеңші? Бірақ, таң атар емес.

Дәл бір Мәжнүн секілді есі шығып кеткендей. Көзін жұмса соның жұмбақ бейнесін көреді. Ал, дөңгеленген айға қараса, оның нұрлы жүзін көреді. Жұлдыздар...Жымыңдаған жұлдыздар гүлінің есімін қайта-қайта жазады. Сәл ғана тыныштық орнаса оның күміс күлкісі, "Төлегенім"-деп еркелеткен сөздері құлағына келеді. Тіпті жүрегінің әрбір соғысы есімін үздіксіз қайталайтындай. Бұл жұмбақ жан, "Гүлім"- деп еркелететіні, жалғызы, ыстық махаббаты, ол-Айдана еді.

Айдос қатты бір күрсінді де төс қалтасындағы бір жапырақ қағазды қолына алды. Бұл жай ғана қағаз емес, өмірінің гүлі болған Айдананың қанымен жазылған соңғы хаты еді. Айдос оны қайта оқи бастады. Бұған дейін қанша оқығаны, өзге түгілі өзіне де беймәлім. Әйтеуір жаттап алды, сонда дағы қайта оқи бастады.

"Ер ардағым-Төлегенім, тірлігімнің мәні, жаным Айдос!

Міне, өмір деген осы екен, жарымы жарық, жарымы қараңғы. Жарығым өзің болсаң, қараңғым енді басталмақ.Жылан арбаған торғайдай, қанат қағып тұрып, азынаған зынданың қараңғы ауызына құлап барам. Мәңгі шыға алмайтын тас түнекке, тұман арасына адасып кетіп барам. Кетіп барамын да, Төлегенім өзінді қимай барамын. Сәулем, өзінді ғана сүйемін. Қозысын сүйген Баяннан, Төлегенін сүйген Жібектен, Мәжнүнің сүйген Ләйліден де артық сүйемін. Шексіз сүйемін...

Сол бір екеуіміз кездескен соңғы кештен кейін үйге барсам, әкем, өмір бойы жыламаған әкем жылап отыр. Көрші ауылдағы Қырқымбай деген танысына белшесінен батып қарыз болыпты. Бізді оқытамын, ағамды қызметке тұрғызамын деп қарыз ала берген сияқты. Өте көп ақша... Екеуі қырық пышақ болып, енді ол кісі үш күнде қарызымды қайтармасаң, түрмеге жапқызамын деп жатыр екен. Бере алмасаң қызыңды үйімдегі ақыл-есі кем балама тұрмысқа бересің депті.

Айдосым! Өзің білесің ғой. Анам 2 жасымда о дүниеге кетті. Әкем үшеуімізді итшілеп жұмыс істеп, ешкімненде кем қылмай өсірді. Барын да, нәрін де біз үшін салды. Шеше орнына шеше, әке орнына әке болды. Егер қалауын орындамасам оның жақсылығына қиянат еткенім емес пе? Мен үшін өмірдегі ең бірінші жан - ол асқар таудай әкем. Алдындағы қарызын тым болмаса осылай өтемесем қалай болғаны? Әрине, әкем қинап жатқан жоқ, ол олай айтпас та еді. Бірақ, бәрі айналып келіп, соған тіреледі. Әрбір сөздері соған меңзеледі. Ағам мен әпкем де таңнын атысынан күннің батысына дейін "тұрмысқа шық", "нең кетеді" – деуден таяр емес.

Осылайша әке алдындағы парызым үшін махаббатымды құрбан етіп барамын. Онымен қоса екуіміздің әкелеріміз өлердей қас емес па еді? Осы уақытқа дейін жолымызды бөгеп келген солар,бұл болмағанда да баталарын берер ме еді?Кім білсін?...

Бұл тағдыр шығар.Тәңірім бір болуды жазбаса не шара? Есінде ме? Әрбір кеште болашақ өмірімізді болашақ балаларымызды елестетіп, алаңсыз күлуші едік қой. Сол сәттер әлі көз алдымда. Қаз-қалпында... Бірге құрған жоспарларымыз бір мезетте күл-талқан болды да шықты. Қаншама рет еш кедергі жоқ, бақыт пен шаттық толы мекенге қол ұстасып қашып кетуді аңсаушы едік қой. Осы бір қырсық шақпай тұрып неге кетпедік?Айдос, неге мені ертерек алысқа әкетпедің?

Енді бәрі кеш... Кеш қалдық. Балалық шағым ана махаббатын көрмей,бақытсыз өтсе, алдыңғы өмірім де бақытсыздыққа толы болмақ. Кейде ойланам......Осыншама азап сыйлаған құдайыма не жазыппын?... Жылаудамын, жылағаннан,өкінгеннен не пайда?Көздің жасы көмектессе, өмір бойы жылап өтуге бармын. Алайда...

Тағдырдың жазғанына көнбеске шара бар ма? Төлегенім, саған деген махаббатым мәңгі өшпейді. Оны ешкім де,ешнәрсе де өшіре алмайды. Саған деген кіршіксіз таза сезімімді, сол қалпында жүрегімнің түбіне жерлеп қана қоямын. Ол менімен мәңгі болады. Жаным, Айдос! ұмыт мені. Түс секілді ұмыт. (Осы сөздерді айтуға қақым да жоқ шығар) Өз бақытынды тауып алғаныңды шын жүректен қалаймын, сен бақытты болуға жаралған жансың. Ең болмаса біреуіміз бақыт дәмін татайықшы. Сен бақытты болсаң мен де бақыттымын. Соны әрқашан біле жүр. Асығыңмын,сол асық күйде көзімнің жасын жұтамын да кетемін, жаным!

Өзіңнің гүлің - Айдана"


Айдос қып-қызыл қанмен жазылған хатқа соңғы рет, ұзақ қарап отырды да, қайта бүктеп қалтасына салып қойды. Көзінен оқта-текте үнсіз ыстық жастар шығып, сорағытып, жылып ақты. Жүрегі жоқ, сезімі жоқ қаусаған құр сүйек секілді. Ол бұл хатты оқыған сайын осындай күйде болатын. Бәлкім, түсім шығар деп өзін алдағансып қатты-қатты айқайлап та қояды. Бірақ бәрі бекер...Таң атуға шақ қалғанда Айдос орнынан әзер дегенде көтерілді де басы ауған жаққа кете барды.

Сол бір жұлдыздар жымыңдаған, айлы түннен бері екі қыс, екі көктем өтті. Бүгін Айдостың үй-іші Айдосқа құран бағыштап, ас беріп жатыр. Осыдан екі жыл бұрынғы түнде Айдос өзін жардан тастап, о дүниеге аттанған болатын. Ол өзінің махаббаты үшін жанын қыршынынан қиды. Айданасыз өмір сүргісі келмеді. Гүлі жоқ өмірін елестете де алмады. Ал, Айдана ше? Төлегені ол үшін өзін құрбан етсе, Жібегі бүгінде қайда екен? Енді сол "махаббат гүлі" туралы сыр шертейік.


Бүгінгі таңда Айдана бір үйдің ақ жаулықты келіні, біреудің асыл жары,аяулы анасы. Айдана сол жылы Қырқымбайдың ақыл-есі кем баласына, өзі мүлде сүймейтін жанға тұрмысқа шыққан болатын. Әкесі, ағасы, әпкесі,а та-енесі, бәрі-бәрі бақытты. Ал осылардың барлығына бақыт сыйлап,ө зі бақыт дәмін тата алмай қалған,ақ жүректі пенде, ол-Айдана еді. Қазір қолында 1жастан асқан Айдос атты ұлы бар. Оның әрбір қимылы, бет-бейнесі, тіпті қап-қара шашына дейін сол баяғы жалғыз махаббаты Айдосқа ұқсайды. Иә, Айдананың Айдос қайтыс болғанда құрсағында баласы бар еді. Оның бұл өмірдегі бары да, алданышы да - баласы. Айдос о дүниеге кеткенде,оны, соңынан бармай мына жарық дүниеде қалдырған да осы -бейкүнә сәбиі. Мақсаты да,Төлегенінің алдындағы борышы да,осы перзентін бағып-қағу. Екуінің ақ махаббаттарының нышаны ретінде өле-өлгенше аялап өту. Сәбидің әкесінің кім екенін тәңірі мен өзінен басқа ешкім де білмейді. Ешкімнің де білмейтіндігіне кәміл сенеді.

Ол Айдосты әлі күнге дейін сүйеді, сағынады, аңсайды...

8
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 22 қараша 2012, 14:41
Тегтер: Махаббат құдіреті, Айгерім Сматуллаева, махаббат, сезім, махаббат туралы әңгіме

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.