жеке
блог

Күйеу сатылатын дүкен)


Айналама қарасам, өзімнің замандас құрбыларымның бәрі де мәңгілік жанынан табылатын «жар» іздеп жүр. Өздерін сүйетін, өздерін құрметтейтін жігіттері болса да, одан жақсысын іздеуден еш жалқыпайды. Апам «таңдаған тазға жолығады» деп айтып отырушы еді. Бұл сөзді олар білмейді дейсіз бе? Жақсы біледі!

 Осы қатардағы бойжеткендерге аз да болса сабақ болсын деген оймен осы жазбаны жазып шығуды жөн көрдім. Бойжеткендер, ерінбестен оқып шығыңыздар!

Жақында бір қалада "күйеу сатылатын дүкен" ашылыпты. Ол дүкеннен әйелдер қауымы өздеріне ұнаған, өздеріне керек күйеу таңдап ала алатын болыпты.

Дүкен ережесі мынадай екен:

 1.Дүкенге бір рет қана кіре аласыз.

2. Дүкенде алты қабат бар. Қабат саны өскен сайын, жігіттердің сапасы да жақсара түседі.

3. Қалаған қабаттан күйеу таңдай аласыз.

4. Төмен түсуге тыйым салынады.

Сонымен, «Күйеулер дүкені» деген жазуды оқып, әлгі дүкенге бір бойжеткен кіреді ғой))

1-қабатта: «Жұмыс басты еркектер» деп жазылыпты. Бірден екінші қабатқа өтіп кетеді.

2-қабатта: «Жұмыс басты және балажан еркек» делінген екен.Ол үшке көтеріледі.

3-қабатта: «Жұмыс басты және балажан әрі өте сымбатты еркек» деп жазылыпты. Қанағаттанбай 4-ке кетеді.

4-қабатта: «Жұмыс басты және балажан әрі өте сымбатты және үй шаруасына көмектесетін еркек» дегенді оқиды да: «Ух, ты маған керек!» дейді.

Бірақ, одан жақсысына үміттеніп 5-ке шығып кетеді.

5-қабатта: : «Жұмыс басты және балажан әрі өте сымбатты және үй шаруасына көмектесетін, романтикашыл еркек» дегенді оқып аузынын суы құриды. Алайда, қанағатты ұмытқан әйел 6-ға көтеріледі.

6-қабатта: «Ханым, сіз мұнда аяқ басқан № 31456012 қызсыз. Мұнда еркектер жоқ. Бұл қабат әйелдердің қанағатсыз екендігін тағы да бір дәлелдеу үшін құрылған. Төменге түсіп, басқасын таңдай алмайтындығыңызды ұмытпаңыз» деп жазылыпты. Бойжеткен екі санын соғып отырып қалады...

Таңдаған тазға жолығар деген осы шығар ә?

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі