Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мені ұялтқан киімдерім)))

Мені ұялтқан киімдерім)))

Мені ұялтқан  киімдерім)))

Осы күз келгелі бәріміздің көңіл-күйіміз түсіп, көңілсіз жазбалар оқитын болдық. Онсызда күңіреніп жүрген ауылдың тұрғындардың ұнжырғасы әбден түсіп бітті. Өзімнен бастап))) Содан кеше ойландым да, бір қызықты жазба жазайын дедім. Не жазарымды білмей басым қатса бола ма? Ары ойландым, бері ойландым есіме дым түспей қойды. Бірінші күні жазбай кетіп қалдым... 

Екінші күні суығына әбден тонған соң, Алматыға ашуланып сабаққа бара жатқанымда есіме бала кезімдегі бір оқиға түсіп кетті.

Оқиға осыдан бірнеше жыл бұрын болды, нақтырақ айтсам үшінші немесе төртінші сыныпта оқып жүргенмде-ау. Иә, төрт болу керек! Ол кезде түсқайта оқитынмын. Таңертең әпкем мектепке, анам мен әкем жұмыстарына кетіп қалатын да, әлі оқымайтын сіңіліміз екеуміз үйде қалатынбыз. Әдеттегідей, сағат ондарда көзімді ашсам, бәрі кетіп қалыпты. Дәл осындай күз мезгілі, күздің  алғашқы суығы. Жазда қалың киімдерімізді сандыққа тығып тастаушы едік, оны ашып, ішінен керек киіміңді тауып алу деген азаптың-азабы!!! Не істеймін? Сабақтан қалуға болмайды! Сіңіліммен тамағымызды ішіп алдық та, бөлмемізге барып киім іздей бастадық. Тапқаным мынау болды: денешынықтыруға киетін трико, ақ гольфи, ақ кофта, қара костюм... Алған киімдерімді киіп алдым. Шашымды төбеден буып, ақ бантикті де байлап алғансың ғой))) Өзіңіз елестетіңізші, аяқта лакированный туфли мен гольфи, трико, үстімде ақ кофта, оның сыртында қара костюм(қазір есіме түссе рахаттанып отырып күліп алатыным бар) Сөмкемді асындым да мектепке тайып тұрдым. Сол кезде сыныптағы ұлдар мен қыздардың маған күлгенін көрсеңіздер ғой(((( Өмір бойы ұмытпайтын шығармын! Сабақ біткенше орнымнан тұрмай отырдым да, біте сала ешкімді күтпестен үйге жүгіріп кеттім. Бара сала, киіп барған киімдерді қалай-болса солай шештім де, аяғыммен әбден басып-басып жылап алдым....

1732 19
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 08 қараша 2012, 11:38
Тегтер: мектеп, оқушы, балалық шақ
Пікірлер
+0
08 қараша 2012, 11:53

:lol: :lol: :lol: ой бір күліп алдым ғо, рахмет позитив үшін

+0
08 қараша 2012, 12:13

Сол стиліңді көрер ме ед қайта, шіркін :)

+0
08 қараша 2012, 12:29

құдай сақтасын. Алматылықтар көсре, суретке түсіріп алып жарнамалап жіберетін сияқты ғой)))

+0
08 қараша 2012, 12:53

:lol: қызық екен. Сонда мектеп киімдеріңді дайындамайтынсыңдар ма?

+0
08 қараша 2012, 13:24

ол кезде ондай жоқ еді, 2003 жылдары ғой, аса талап қойылмайтын, үстің ақ, астың қара болса болды да :P

+0
08 қараша 2012, 14:11

:lol: :lol: :lol:

+0
08 қараша 2012, 13:45

Хехе! Бірде мен де ақ кофта, қара белдемше мен крассовка киіп барғанмын, ондағым, бірінші сабақ дене шынықтыруға (шынықтырушы қыздарға спорт киім шарт емес, аяқтарыңда туфли болмаса болды дегендіктен) және екінші ашық сабаққа дайындалып барған түрім ғой (мұғалім ақ кофта киіп келші, партада отырып оқисың деген) :lol: (бірақ маған сыныптастар күлген жоқ - көбіміз сөйттік-ау деймін)

+0
08 қараша 2012, 13:53

:D

+0
08 қараша 2012, 14:48

:lol: сол кездегі суретіңіз болса тіптен қатып кететін еді))))))))))))

+0
08 қараша 2012, 16:34

мен мектепке бір рет асығам деп юбкамды теріс киіп барғам :lol:

+0
08 қараша 2012, 16:35

:D

+0
08 қараша 2012, 17:15

мен сосын тағы үйге киетін резина аяқ-киімімді киіп те кеткенмін :lol:

+0
08 қараша 2012, 22:10

:D Мен де бір қызықтарды жазбасам ұят болсада :)

+0
09 қараша 2012, 00:56

Шіркін балалық шақ.....

+0
09 қараша 2012, 01:13

Менде де осыған ұқсас оқиға болған. Күз ерте түсіп, аяғымда жұқа танкетка, келесі күні сайыс болатын болды. Амал жоқ , әпкемнің биік өкше сонымен қатар өзіме үлкен туфлиін киіп бардым. Өзім кіп-кішкентай болып, аяғымда үлкендердің туфлиі галештей, бәрі маған ыңғайсыз қарады, мен ұялғанымды білдіртпей, қайратыма мініп ,бірақ үйге жылап қайтқам.

+0
09 қараша 2012, 10:13

:lol:

+0
22 қараша 2012, 17:28

Айттым ғой саған, аңғал қызсың деп : -)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев