Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Қош болыңдар, гүлдерім!

Қош болыңдар, гүлдерім!

Қош болыңдар, гүлдерім!

Маған қаладағы соңғы жауған жаңбыр мен алғашқы қар қатты әсер етті. Нақтырақ айтсам, көңілсіздігіме көңілсіздік, мұңыма мұң қосты. Соңғы кездері жанымның жұбанышына, қуанышына айналып жүрген достарымды ғұмырын үзді. Гүлдерім солды...

Жаңбыр мен қарға айтар өкпем жоқ, гүлдер – солай солу үшін, солай өлу үшін жаралған ғой.

 

Адамдарға бір сәттік қуаныш пен еріксіз жымиыс сыйлап жоқ болу үшін...

 

Олар өз мақсаттарын орындады. Көгілдір көктем келісімен жанымызды жадыратудан бір сәтте шаршаған жоқ. Ал біздер ше?

 

Құрбыларыма ылғи да гүл болып жаратылып, гүл болып өмір сүріп, гүл болып солғым келеді деуші едім. Олар жан-жақтан :«қойшы сол гүлді, аз-ақ өмір сүреді ғой» деп ұрысатын. Иә, ғұмырлары сондай қысқа. Бірақ, қандай мәнді ғұмыр десеңізші!?

 

Өткен демалыста гүлдеріммен қоштасу үшін көшеге шығып едім, кеш қалғандаймын. Баяғыдай гүлдер жоқ. Сағыныш түстес сорлы жапырақтармен сырласып қана қайтым...

 

Атырапқа саудырап құлап жатқан мына жапырақтар да көп ұзамай көзден ғайып болады. Есесіне, орнына сұп-суық қар, ақ қар келеді. Бірақ, ешбірі сендердің орындарынды баса алмайды, гүлдерім!!!!

 

Қош болыңдар!! Жо-жоқ, қош бол дегенім дұрыс болмас, сау болыңдар, аяулы гүлдерім! Сырымды шертіп, мұңыммен бөлісу үшін «Көктеміммен» бірге, сендерді де күтетін боламын...

1674 12
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 24 қазан 2012, 13:43
Тегтер: күз, гүл, гүлмен қоштасу, мұң, қимастық
Пікірлер
+0
24 қазан 2012, 13:56

Кез-келген шешек атқан Гүл - өз жемісін береді. Жемісті күндеріңіз көп болсын!

+0
25 қазан 2012, 09:47

рахмет сізге)

+0
24 қазан 2012, 14:35

Бәрі де өткінші.

+0
25 қазан 2012, 09:48

оныңыз рас..

+0
24 қазан 2012, 15:11

Алла қаласа, келесі жылы жаңарған әлемде жаңа гүлдермен қауышасың. Байғұс жапырақтарды сорлы деп біраз жерге апарып тастадың ғой :) Онсызда олардың тағдыры қыл үстінде тұр үп еткен желге қарсы тұра алмай. Күзде түскен жапырақта арман жоқ (c)

+0
25 қазан 2012, 09:49

тура мағынада түсініп қалған сияқтысыз ;)

+0
27 қазан 2012, 15:45

жоқ, жаным бәрін түсндім. Бірақ екінші қырынан алып қарап сөйледім.

+0
24 қазан 2012, 15:28

Табиғаттың заңы ғой бәрі де.

+0
24 қазан 2012, 16:05

Әр кімнің өз сырласы бар.... Суреттерің әдемі екен, суреттеріңнен гүлге деген махаббатың сезіліп тұр. Сізді қаратқысы келген жігітке алтын сырға :lol: гүл әкеп, Айгерімнің көңілін аулауға болады

+0
25 қазан 2012, 09:53

жооооға, ол не дегеніңіз!? :?

+0
25 қазан 2012, 02:02

Гүл қайта тірілу үшін өледі. Тек қоштаса алмай қалғаның өкінішті...

+0
06 шілде 2013, 19:17

Керемет қоштасу))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев