Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Менің проблемаларыма ата-анамның берген тәрбиесі кінәлі ме, қоршаған орта ма, әлде өзім бе?

Менің проблемаларыма ата-анамның берген тәрбиесі кінәлі ме, қоршаған орта ма, әлде өзім бе?

Менің проблемаларыма ата-анамның берген тәрбиесі кінәлі ме, қоршаған орта ма, әлде өзім бе?

Жақында досым екеуіміз дауласып қалдық. Ол ‘бізге ата-анамыз берген тәрбие жеке тұлғамызды қалыптастырады, сондықтан біздің жағымсыз қасиеттеріміз - бұл ата-анамыздың кінәсі’ - деп айтады! ‘Мен осындай болып өсіп шыққанма мен кінәлі емеспін, менің ата-анам бойыма осы қасиеттерді сіңірген’ - дейді! ‘Біздің проблемаларымыз тәрбиеге байланысты ғой!’ Бір қызығы, көптеген адамдар осындай ақтауларға сүйенеді проблемаларға ұшыраған жағдайда! Мысалы, олар мынадай нәрселер айтады:

“Мен алкоголь ішемін, өйткені әкем алкогольді ішетін еді! Мен қалайша өзгеше бола аламын, мені маскүнем өсірді ғой!”

“Ата-анам маған ерте тұруды үйреткен жоқ, мен ұйқыдан кеш оянатынмын, бұл әдетке айналып кетті, мен ерте құс емеспін, ерте тұра алмаймын, бұл менің күнәм емес!”

“Ата-анам менің сабағыма қатал болмады, жұмсақ болды! Мен жеңілдікке үйренгенмін, мен өмір бойы осылай болдым, мен басқаша бола алмаймын, мен осылай өстім! Менің ата-анам “tiger parents”, яғни қатал ата-ана болған емес! Сондықтан менің достарым сәттілікке жетіп жүр, ал мен қиыншылықтарға ұшырап жүрмін!”

 

Қызықты ойлар емес пе? Ойланып қарасаң, шынымен де сондай сияқты көрінеді. Олар ‘мен не істей аламын? Мен осындаймын, мен осылай қалыптасып қалғанмын!’ деп айтып жатады.

 

Тағы бір досымның дәл осындай пікірлері болған. Ол біздің жағдайымызға біздің қоршаған ортамыз кінәлі деп есептейді. Біздің қоршаған орта бізді көптеген нәрселерді істеуге мәжбүрлейді және бізді қалыптастырады деп ойлайды. Мысалға, ол ‘өзімді хоббиіме арнағым келеді’ деп айтады, бірақ егер ол барлық уақытын оқуға жұмсап жақсы баға алуға тырыспаса, оның айналасы оған жаман қарайды деп ойлайды. Ол басқа нәрселермен айналысуға уақыт жұмсағысы келсе де, ол академиялық жетістікке жетуге өзін мәжбүр деп ойлайды. Осыған ұқсаған мен көптеген адамдарды көрдім. Олардың айтатын кейбір ойлары мынадай:

«Менің айналамдағы адамдар мені темекі шегуге мәжбүрледі, сондықтан мен темекі шегуді бастадым, бұл менің кінәм емес, бұл менің айналам!»

“Мені кішкентай кезімде достарым ұрлауды үйретті, олар сияқты ұрламасам менімен дос болмаймын деп айтты! Мен жай ғана олармен дос болғым келген еді. Сондай ортаға шақ болып қалғанмын! Осылай мен қалыптасып қалдым!” 

 

Осыған да ұқсаған неше түрлі ойлар бар. Бұл ойлар да өте сенімді көрінеді емес пе? Қысым болды ғой! Бұл адамдар өздері кінәлі емес, айналадағылар ықпал тигізді! Кез келген адам қарсы тұра бере алмайды гой! Бұл адамдар іс жүзінде кінәлі емес!

 

Олардың қоршаған орталары және ата-аналары кінәлі ғой - олардың маскүнемдікке салынуы, темекі шегуі және оқымауы, жалқау болғандары, өздерін оқуға мәжбүрлей алмауы, олардың өмірінде сәттілікке жете алмауы, қиналуға ұшырағандары, өз хоббилерімен айналыса алмауы . . . не істесін енді олар? Олар өздерінің әрекеттері мен шешімдері үшін жауап бермейді, жоқ! Бәрі кінәлі, тек олар емес. ‘Бұл менің емес басқалардың кінәсі. Мен қалай өзгеше бола аламын?’

 

Мен сәл қатал болуым мүмкін, бірақ .... бұлар жай ғана сылтаулар емес пе? “Менің әкем маскүнем болды және анамды ұратын еді, сондықтан мен ешқашан әкеме ұқсамаймын деп шештім! Өзіме ешқашан ішпеймін деп ант бердім!” - дейтін адамдар да бар емес пе? Бала кезінде кедейшілікке ұшырап мектепте дұрыстап оқи алмайтын, алайда өскен кезінде табысты және ақылды болып кеткен адамдар ше? Осы сияқты жағдайлар біздің баскалардың ықпалына қарсы тұра алатынымызды көрсетпейді ме? Ал тек ересек болған кезінде өмір салтын толығымен өзгертетін адамдар туралы не деуге болады? Өмірлерінде ұрлықшы болып, басқа да жаман істерге ие болып, бірақ уақыт өте өкініп, тіпті дінге жақынырақ болып өмірлерін толықтай өзгерткен адамдар ше?

 

Менің ойымша, егер біз проблема кездестірсек өзіміз жауаптымыз, және де өміріміздің жобасымен 90%-ы өзіміздің қолымызда. Қоршаған орта бізге не айтпасын, ата-анамыз бізді қалай тәрбиелесе де, біз - егер қаласақ - әрқашан да оларға қарсы тұра аламыз. Біз не істесек те, ол толығымен біздің өзіміздің таңдауымыз және шешіміміз, демек, біз өміріміздегі барлығына өзіміз жауаптымыз. Мысалы, егер сіз академиялық жетістікті хоббиіңізге қарағанда бірінші орынға қоятын болсаңыз, онда сіздің хоббиіңіз сіз үшін онша маңызды емес менің ойымша. Егер сіздің хобби сіз үшін өте маңызды болғанында, сіз өзіңіздің академиялық жетістіктеріңізге кетіретін уақыттың ең болмағанда бір бөлігін қалдырып сәл болсын уақыт хоббиіңізге табар едіңіз. Айналаңыздағы адамдар сізді ананы әлде мынаны істеуге мәжбүрлейді деп айту - бұл жай ғана өз өміріңізге жауапкершілік алмау және де сілтеу табу деп ойламын. Сіз адамдарға өз өміріңізге ықпал тигізуге өзіңіз рұқсат беріп жатырсыз менің ойымша.

 

Егер сіздің ата-анаңыз сізге бірдеңе үйретпесе, сіз оны әрқашан өз бетіңізше үйрене аласыз ғой. Егер сіздің ата-анаңыз сізді ерте оятуға мәжбүр етпесе, сіз өскен кезіңізде тырысып ерте тұруды өз бетіңізше үйренуіңіз болады. Маған қиыншылық кезінде көмектесетін бір цитатаны бар (қай жерде оқығаным есімнен шығып тұрса да жалпы ойы есімде).

“Бір сегіз айлық баланы елестетіп көріңіз. Ол жүруге тырысады және қайта-қайта құлап қала береді... қайта-қайта тырысады ... қайта-қайта тырысады, жүре алмай біраз қиналады ... ол бала ‘мейлі, бұл менікі емес, мен жүруге арналмаған шығармын’ деп айтады ма екен?”

 

... дәл қазір солай болып жатыр ғой. Адамдар тағдырды кінәлайды, ата-анасын және қоршаған ортасын айыптайды және жауапкершілікті өз иығынан көтереді. Егер сіз бірдеңені білуге ​​қиналсаңыз, «мейлі, мен осылай өстім, мен өмір бойы осындай болдым, мен не істей аламын, маған өзгеруге тым кеш ... » деп айтудың орнына үйреніңіз, әрекет жасаңыз, тырысыңыз . . . 

 

Жай ғана тырысып көріңіз, өзгеру мүмкін емес нәрсе емес қой. Сіз үйрене аласыз, сіз сабақ ала аласыз, әр күн сайын тырыса аласыз! Шетелдің атақты авторларының бірі Gladwell айтқандай, сіз 10,000 сағаттық тәжірибе жасасаңыз, ол қандай іс-әрекет болса да оны толықтай игеріп шыға аласыз. Егер сіз бірдеңе жасай алмасаңыз, бар қолыңыздан келетінін істеп тырысыңыз да, тырысыңыз. Сіз ештеңе жасамасаңыз бір нәрсені үйренуге деген үміт те мүлдем болмайды. Ал егер сіз тырысып әрекет,мең болмағанда 0,01% жақсартуға мүмкіндік бар болады ғой. Ең болмағанда үміт болады. Егер сіз күнделікті тырыссаңыз, бір аптадан кейін жақсарғаныңызды да көресіз. Әрине, сіз жай ғана бас тартып, ”бұл менікі емес, мен осындаймын, мен не істей аламын енді” деп айта аласыз. Бәлкім, шынымен де бұл сіздіңкі емес шығар, сіз оны шынымен де өте қатты қаламайтын шығарсыз. Бірақ сіз оны істей алмауыңыз басқалардың кінәсі емес, сіз оны өзіңіз үйренгіңіз келмегенінен екенін айтуыңыз керек - күш салғыңыз келмегеннен, немесе сіз жалқау болғаныңыздан, немесе басқа нәрсенің жай ғана сіз үшін маңыздырақ болғанынан ғой. Бұл ешкімнің кінәсі емес. Бұл сіздің таңдауыңыз. Сіздің шешіміңіз. Сіз өзіңіздің өміріңізбен не істеу керектігін шешесіз. Сіздің өміріңізде не болады, не болмайды, қай нірселер маңыздырақ болады - бәрі толығымен де сіздің қолыңызда. Егер сіз шынымен адамдардың психологиясын түсінгіңіз келсе - мысал келтірсек - және барлығымен жақсы қарым-қатынаста болып, кез келген компанияның ортасында болғыңыз келсе, күн сайын сіздің өміріңізде вконтакте/инстаграм сияқты желілерде уақыт кетіргенше мысалға 1-2 сағат адам психологиясы туралы кітап оқыңыз. Нәтижені не болса да бір аптаның өзінде көресіз. Сіз кем дегенде білім жинайсыз солай адамдар психологисы жайлы. Егер сіз осы білімді қолдануға тырысып, бар болғаны қосымша тағы 20 минут жұмсасаңыз адамдарға қарап, олардың іс-әрекеттерін және мінез-құлқын талдап тәжірибе жасасаңыз біртіндеп жақсарасыз ғой. Бұл сіздің мүмкіндігіңізде, ал “мен психологияны жақсы білмеймін, достар табудан қиналамын, мен осындай адаммын, мен осылай қалыптасып қалғанмын, менің қоршаған орта біртүрлі болғандықтан достарым жоқ …” деген сияқты ойлар жай ғана сылтау, сіз бұл үшін жұмыс істеп, күш салып, уақыт жұмсағыңыз келмейді – басқалар емес кінәлі, өзіңіз ғой жауапты. Бұл сіз үшін жай ғана өте маңызды емес деген сөз ғой. Бұл мысалда, адамның күніне 1 сағат психология туралы оқуға уақыт таба алмауы сылтау сияқты емес пе?

 

Қорытындылай келе, мен келісемін, ата-ана мен қоршаған ортамыз біздің мінез-құлқымызға әр түрлі әсерлерін тигізеді. Бірақ, сонымен бірге, біз ұнамайтын әсерге қарсы тұра алу біздің мүмкіндігімізде деп санаймын. Біз болашақтатырысу арқылы өзімізді өзгерте аламыз. Егер сіздің ата-анаңыз сізге бірдеңе үйретпесе, онда сіз басқаларға қарағанда көбірек қиналуыңыз мүмкін. Дегенмен, өз бетіңізше бір нәрсе үйрену, күш салу арқылы әдеттерімізді өзгерту, жеке тұлғамызды өзгерту біз үшін мүмкін. Бұл біздің қолымызда. Біз өзімізді өзгертуге қабілетті екенімізді және жеке тұлғамыз бен бүкіл өмірімізді басқара алатынымызды түсінген кезде, біз бұдан да көп нәрсеге қол жеткіземіз. “Бұл менмін, мен осындаймын, мен өзімді өзгерте алмаймын” деп қана отыра берсек талпыныс жасамай ешнәрсе де өзгермейді, біз мулдем деградацияға ұшырауымыз да мүмкін. Сондықтан, біз өз өмірімізге жауапкершілік алуымыз керек деп сенемін. Өз күшімізге сеніп, өз өмірімізге жауапкершілік алғанда ғана үлкен биіктерге жетеміз.

 



1
Рейтинг: +4

Автор: Assel
Жазылған уақыты: 07 қараша, 09:10
Тегтер: кінә ата-ана қоршаған орташа

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.