Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Go Viral 2019 қандай болмақ?!

Go Viral 2019 қандай болмақ?!

Go Viral 2019 қандай болмақ?!

2017 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан Go Viral фестивалі көпшіліктің асыға күтетін шарасына айналып үлгерді. Медиа, мәдениет, бизнес, технология саласы бойынша Қазақстан, Орталық Азия және АҚШ сарапшылары өз ойларымен бөлісіп, жаңа бастамаларды қолға алуға жол ашады. 30 сәуір күні фестиваль ұйымдастырушылары БАҚ өкілдерімен кездесіп, биылғы фестивальдің бағдарламасымен таныстырды.

Биылғы фестивальге шақырылған спикерлер мен сарапшылар өз хикаяларын баяндап қана қоймай, үлкен жетістіктерге жету жолындағы құпияларымен бөліседі. Мысалы, технология секциясында фестивальге арнайы шақырылған қонақ Джим Уилт It саласында бизнес құрудың қырларымен бөліседі. Мәдениет секциясында озық технологияларды қолдану арқылы шығармашылықты дамыту мен өнер жобаларын жетілдіру бойынша сөз қозғалады. Қазақстандық спикерлердің бірі Almaty Film Festival бас продюсері, Astana Film Fund құрылтайшысы Эрнар Курмашев пен сценарист, режиссер Жанна Исабаева кино саласы бойынша өз жаңалықтарымен бөліседі.

Биыл фестиваль Алматыда маусым айында өтеді. Бас-аяғы фестивальге 50-ден астам спикер қатысады.

 

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 08 мамыр, 22:36
Тегтер: Go Viral, Алматы, Қазақстан

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.