Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Суицид немесе мен өлімнен қалай аман қалдым?

Суицид немесе мен өлімнен қалай аман қалдым?

Суицид немесе мен өлімнен қалай аман қалдым?

Биыл мен білетін, сыйлайтын екі атақты адам бұл «дерттен» қаза тапты. Ойлап отырған шығарсыз: өзіне қол жұмсау арқылы күнәға батқан адамды ойлаудың керегі не? Оларды дәріптемеу керек, оларды жазғыру керек дегенді де естідім. Бірақ...  Мен оларды күресуден шаршағандар деп қабылдадым.
Күйзеліске түскен адам ешқашан жасырын қалмайды. Ол оны қай жолмен болсын сездіруге тырысады. Жо-жоқ, мен өз-өзіне қол жұмсамақ болғандарды, істеп, кері қайтпас сапарға аттанғандарды жақтағалы отырған жоқпын. Жай, біздің алаңсыз тірлікпен жүріп, сол тірлікке баратын адамдарға дер кезінде көмектесе алмайтынымызға бола қынжылып отырмын...

Өз-өзіне қол жұмсайтын жандар туралы не ойлайсыздар? Жандарыңызда жүрген жақындарыңыздың бірін осындай «дертпен» жоғалтып алған сәтіңіз болды ма?

Бұл сіз сұраққа жауап берместен бұрын, мен өзімнің ойымды айтайын. Бұл тақырыпта әңгіме қозғау, айту мен үшін өте қиын немесе жай ғана қымсынатынмын. Өйткені, «суицидник» немесе мозахист дегенді есту мен үшін біртүрлі көрінетін.
Жаңызда жүрген 10 адамның бесеуіне  өз өміріне балта шауып, бұл өмірмен қоштасу туралы ой келген шығар. Бірақ, біреуі ғана бұл тірлікке барып көрді. Адамның жаны ауырған кезде, қолыңдағы тілігіленген жараны сезбейді. Есеңгірейді. Біраз, уақыттан соң «мен не істедім?» деген ой келеді.  Дәкемен буып тастап, ертесі оны ұзын жеңді киімге жасырып тастайды да, әдеттегіше күліп жүреді... Ешкім оның ойыңда не болып жатқанын сезбейді. Ал, «қылмыскерлер»  ешқашан мұндай тірлікке барғанын мойындамайды.

Біз әрқашан оларды жазғырамыз: әлсіз дейміз, күнәһар деп сөгеміз. Қала берді, алды-артын ойламайтын, эгоист дейді... Демек, мені де сол қатарға жатқыза беріңіз. Мен де әлсіздік таныттым, мен де күнәға белшемнен баттым. Мен де эгоист болғанымды мойындаймын. Өйткені, мен тоқтатқан нәрсе «мен өлсем, мені екі айдан соң еске алуды тоқтатады» деген өзімшіл ой болатын. Қазір күлкім келсе де, сол ойдың санама дер кезінде келгеніне қуанамын. Әйтпесе, мені сіздер танымас едіңіздер немесе бұл нәрсе жазылмас та еді.

Жындысың ба, мұны неге айтып отырсың? Адам осындай нәрсені халыққа ашық айта ма?

Бұл жазбаны жазбас бұрын көп ойландым. Жақында анасының «телефонға телміре берме» деген сөзіне бола асылып қалған қыз туралы жаңалықты оқыдым да, адамдардың ойлау көкжиегінің соншалықты тар екеніне тағы да көзім жетті. Мына болжамнан соң ана өзін қалай жазғырып жатырғанын түсінбей ме, шіріктер? Онсызда қызының бұл қадамға неге барғанын біле алмай жатырған ана жүрегіне мына болжам қалай әсер еткенін білмей ме? 

Мен сізге айтайын, мен бір ананы білемін. Баласының бұл қадамға неге барған себебін әлі күнге дейін білмей дал. Әлі күнге дейін өзін жазғырады. Неге ғана «нанға» дүкенге жұмсадым дейді? Неге сол күні ерте ұйықтап қалдым дейді? Енді күлкілі ме? Әлгі қызды айтамын... Сіз жаңалықтардан оқып алып, «Құрысын, бір сөзге бола...» деп тағы да саңқ еткіздіңіз. Бірақ, ол қыз баланың ата-анаға жасырын өмірінде, сіз бен бізге беймәлім өмірінде не жағдай болып жатқанын білмейсіз ғой. Мүмкін, оны мектепте мазақ қылатын шығар... Мүмкін, оған тиісті баға қойылмайтын шығар. Мүмкін, оған айналасы сенім артпайтын шығар...

Өлімге итермелейтін бір ғана жалаң себеп емес, мыңдаған жалаң себептің қосындысы. Тек, соңғы біреуі ғана итермелеуші күш болады...

Өмірде «бұл қоғамға» жататын адамдар күйзелістен өздерін сүйреп шығаратындар немесе қолдауға зәру болып екіге бөлінеді. Қолдауға зәрулердің қадамы ешқашан сәтті аяқталған емес...

Мына тақырыпқа қызығып кірсең, демек, бір кездері де сенің санаңда да бұл улы ой болған... ЕНДІ МЕНІ ТЫҢДА!
Сен өлген күні ешнәрсе өзгермейді. Көліктер жүре береді, бұлттар көшіп, күн де өз уақытында аспанға көтеріледі. Өзіңді аямайтыныңды білемін, бірақ, бәріне ерегесіп өмір сүрші(мен солай өмір сүріп жатырмын)... Ойлап қарашы, сен жер қойнына түскен күні анаң, әкең, бауырларыңның көз жасы төгіледі. Айналаңдағылар сені жақсы адам болып еді ғой деп еске алады. Жастай кетсең, сен туралы айтылатын нәрсе де болмайды. Одан кейін, адамдардың барлығы сенсіз өмірге үйрене бастайды. Ата-анаң да. Қорқынышты, иә? Бір айдан соң, сен туралы ой естен шығады. Енді, жылына екі рет, сен туған күн мен қаза құшқан күні ғана еске алады. Өмір заңы – солай. Сен туралы естеліктер де, сен туралы жазбалар да ұмытылады. Кезінде кешірмеймін деп ерегескен жандар да ұмытады. Сен қарыз болсаң, ол адамдар да сені ұмытады.
Шыдау қиын болып бара ма, жылап ал. Жыла! Бар дауысыңмен жыла. Ұрыс, айқайла. Бірақ, бұл қадамға барма... Есіңе сақта: өлім – сен кейін таңдау жасауға мүмкіндігін болмайтын соңғы таңдау. Сондықтан, өмір сүрші. Қиын болса, маған хат жаз. Сонау Америкада жүрсең де, сені іздеп тауып аламын. Тек, өмір сүр, жарай ма?

Кейін өмірде қызықты сәттер орын алғанда «Мына өмірді қиып кету қайдан ойыма келген?» деп өз ісіңізге өкінетін боласыз. Шын айтамын...

7
Рейтинг: +10

Жазылған уақыты: 31 қаңтар 2018, 17:38
Тегтер: суицид, өлім, қалай құтыласың

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.