Үздік блог байқауының қорытындысы

Үздік блог байқауының қорытындысы
жеке
блог

Массагет сайтында 30 қаңтардан 1 мамырға дейінгі аралықта созылған үздік блог байқауының қорытындысын жариялайтын сәт туды.

Тоғыз аптаға созылған байқауда 800-ден астам блог жазылды. Әр апта сайын жазылған блогтың көрілімі, лайк, пікірлер саны және редакция алқасының дауыс беруі арқылы үздік блогшы анықталып отырды. Соңғы екі аптада 8 аптаның үздік блогері өзара сайысқа түсті. Атап өтерлігі, Айдана Нагиева есімді қолданушымыз үшінші және сегізінше аптада екі мәрте үздік блог атанды. Ал Назым Самет есімді қолданушымыз белгілі себептерге байланысты соңғы сайысқа қатыса алмады, Жанерке Ахмет еркін тақырыпта блог жазу тапсырмасын ғана орындап, екінші қорытынды сайыстан тыс қалды. Мәреге жеткен жеті блогшыға үш тақырыптың бірін таңдап ерекше жазба жариялауға арнайы тапсырма берілді.

Мен көзбін – Happy *** (Рахманбердінің Немересі) – 4-орын;
Мен көзбін – Сұңғат Анапия – 4-орын;
"Мен фотоаппаратпын" – Ruslanbek Amangaliyev  – 3-орын;
Мен көзбін – Ботакөз Болатқызы – 3-орын;
Мен "Мона Лиза" картинасымын – Ақниет Жаманқұл – 2-орын;
Мен көзбін – Айдана Нагиева – 1-орын.

Үздік блогерлердің қорытынды жазбаларын саралай отырып, үздіктің үздігін анықтау оңай болмады. Байқау басталғалы жазылған барлық блогын ескеріп, креативтілігіне, ерекше ойлауына, айтар идеясына, сауатты жазуына мән беріп, редакция алқасы ақылдаса келе осындай шешім шығарды.

1-орын иесіне – Саяхатқа шығатын құрал-сайманы бар сөмке;

2-орын – кәуап пісіруге арналған шампур;

3-орын (Русланбек) – Пернетақта;

3-орын (Ботакөз) – веб-камера;

4-орындар – қазақи нақыштағы блокнот; 

Соңғы мәреге дейін жеткен Жанерке Ахмет және Назым Самет есімді блогерлерімізге де сыйлығымыз бар

Жеңімпаздарға "Меломан" компаниясы ұсынған тағы бір сыйлығымыз бар. «Болашақ» Корпоративтік қоры және «Marwin» компаниясының қолдауымен дубляждалған "Галактика сақшылары 2" фильміне билеттер беріледі. Фильмге барам десеңіз, мына номірге хабарласыңыз: +7 778 463 29 94 (Гүлжанар)

Қазақы нақыштағы блокноттарды сыйға тартып, демеушілік көрсеткен "Меломан" компаниясына алғыс білдіреміз.

Сыйлықтарыңызды редакцияға хабарласып алып кете аласыздар. Тел: +7 702 500 76 95 (Әсел)

Сонымен бірге, тоғыз аптаның ішінде 3-4 рет үздік блогтан үміткер қатарына еніп, жазбасы сапалылығымен ұжымның көңілінен шығып, ұпайы жағынан жетпей қалған блогшыларымызды да марпаттап, ат салысқанына алғыс білдіреміз:

Әсем Құлман;
Перизат Саденова;
Назым Самет;
Аяжан Мұқатай;
Сағыныш Тасболат;
Балжан Халықова;
Динара Нұрболат;
Айкона Н
Естен Ербол;
Аружан Қаратаева;
Арайка Сахова;
Ақгүл Қабдығали.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Массагетпен бірге болыңыздар! Сіздерді алда әлі талай қызықты байқаулар күтеді.