"Мен фотоаппаратпын"

"Мен фотоаппаратпын"
жеке
блог

МЕН ФОТОАППАРАТПЫН! 
Мен фотоаппаратпын! 
Естеліктер сақталады мен арқылы, 
Түсіремін суретке бірде тегін, бірде ақылы, 
Адамдар, өмірінің қызықты әрбір сәтін 
Мен арқылы сақтауға хақылы. 
Мен фотоаппаратпын! 
Телефонның барлығынан табыламын, 
Түсірмесем 1 күн фотоға, жалығамын, 
Қанша қымбат телефондар болғанымен 
Жадының әлсіздігін қабыл алдым, 
Мен фотоаппаратпын! 
Галереямды тексер, көргің келсе өзіңді, 
Суреттеріңді көре сала, бола біл өте төзімді, 
Түскеніңмен фотоға әр түрлі форматта 
Жұмып қалған боларсың мүмкін көзіңді. 
Мен фотоаппаратпын! 
Жан-жақтымын, салтанатты кештерде жүремін, 
Есеп беру, кездесу, тойларды фотоға түсіремін, 
Бұндай жиындардың түр-түріне ұялмай 
Адамдардың мойынына асылып, билетсіз-ақ кіремін. 
Мен фотоаппаратпын! 
Canon, Nikon, Sony деген бар есімім, 
Жастар маған арнайды бар есілін, 
Жүреді тек селфилетіп менімен 
Айналама тимейді еш кесірім,
Себебі:Мен фотоаппаратпын!