жеке
блог

Таксист ағай ой салды

Күні кеше таксиге отырғанымда ойыма неше түрлі ой келді: жүргізуші кім екен? өзі «дұрыс» адам ба? қазір ойда жоқта басқа жаққа қарай алып кететін баукеспе болса не істеймін? шіркін, жол қысқартатындай дүниетанымы кең болса екен!.. (Қыз қауымының көп бөлігі осылай ойлайтын шығар))).

Қуанышыма орай, көзі ашық, көкірегі ояу, жаста болса, көпті көрген аға екен.

Қоғамнан бастап адамға дейін талқылап, межеленген жерге жете бергенімізде:

- Қалай ойлайсыз, сіз оқып жүрген ЖОО-ға өз күшіңізбен магистратураға түсе аласыз ба?

- «Әрине, бастысы – дайындық, оның үстіне біздің факультетте...» (деп мақтана бастадым...)

- Дұрыс айтасың. Саған сұрақты әдейі қойған едім. Әділеттілік жоқ, бәрі пара деп отыра берсек, қайдан табысқа жетеміз?Отанымызға қалай көмектесеміз? Өмір деген алгоритм секілді. Жүйені дұрыс құрып, команданы қателеспей бағыттау керек. Уақытты жеткізу де, көп іске үлгеру де, жақсылық жасау да өз қолымызда. Сондықтан болашаққа ұмтыла түсіңдер, әділеттіліктің барына барынша сеніңдер! – деді.

Ойласам, жалқаулық та, әлсіздік те өз тарапымыздан секілді. Ал мүмкіндік қайта-қайта беріле бермейді ғой...

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі