Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сіз сыйға тартқан орамал

Сіз сыйға тартқан орамал

Сіз сыйға тартқан орамал

Көктем ғой. Қалың киімдерімді жинап, керексіз заттардан арылу үдерісін бастап жібердім. Киімдерімді реттеп отырып, бұрышта жатқан қалтадағы орамалдарға көзім түсті. Жалпы, маған берілетін сыйлықтардың басым бөлігі орамалдар екен. Кейбірі тойдан, жиыннан алынғандар. Кенет арасындағы алқызыл орамалға көзім түсіп сала берді. Ұзақ уақыт отырып қалдым...

Бұл орамал – бір кездері мен үшін өте қымбат, өте жақын болған адамның сыйлығы. Менің оған деген сыйластығымның шегі жоқ болаТЫН. Алғаш осы орамалды алғанымда әлемдегі ең қолжетпес зат ретінде қарайтынмын. Мен мұны өмір бойы сақтаймын, келін болғанда тағамын деп армандаған кездерім де болды. Ал бүгін ол маған жай ғана шүберек болып көрінді. Баяғы орамалға деген сүйіспеншіліктің ұшқыны да жоқ. Жүрегімнің шаншығаны-ай...

Себебі ол адам ұмыт қалған. Көзден жырақ – көңілден жырақ деген жазбам бар еді ғой. Сол секілді көзден де, көңілден де алыс. Мен оны жылдар өткеннен кейін дәл осылай еске аламын деп ойламаппын. Телефон шалғым келді, бата алмадым. Себебі, қазір бізге ортақ ешнәрсе, тіпті, сөйлесетін әңгіме де жоқ сияқты. Жалпы, өткен шақтағы адамдардың барлығымен солай ғой, қазір мен аулада үйшік ойнаған бала достарыммен, 11 жыл бір сыныптың ауасын жұтқан сыныптастарыммен, басқа жағдайда танысқан адамдармен, көптеген туыстарыммен, кейбір топтастарыммен не айтатынымды білмей қатты қиналамын, олармен араласу, қарым-қатынас жасау сондай ауыр. Шамасы, бұл ұзақ уақытқа созылған арадағы алшақтыққа байланысты...


Солай, орамал ол адамды ғана емес, менің өмірімде болған көптеген жаны жайсаң адамдары еске түсірді. Құдай-ау, бәрі де ұмыт қалған ба? Бір кездері маған бақытты шақтарды сыйлаған, тәрбиелеген, жақсылығы өткен адамдардың, бір кездері "бір-біріміз үшін жаратылғанбыз", "мәңгі достар боламыз" деп серттескен құрбыларымның қайда, не істеп жүргенін де білмеймін. Олар да менің өміріме қызықпайды. Көзден кеткен - көңілден кетті. Біз адамдар сондаймыз. Өткенімізді, жасалған жақсылықтарды, күнәмізді тез ұмытамыз. Бүгінгі күнмен ғана өмір сүруді құп көреміз. Өмір заңы солай дейтін де шығарсыз... Жүрегім келіспей отыр.

Вк-дағы бетіме:

– В моeй жизни были рaзныe люди, кaкиe-то рaзочaровывaли мeня, кaких-то, возможно, я. Но кaждый из тaких людeй, мeня чeму-то нaучил... Кто-то нaучил нe довeрять, кто-то нaучил любить, кто-то нeнaвидeть... Но большe всeго я блaгодaрнa тому чeловeку, который нaучил мeня прощaть...

– «Кто бы ни встретился на вашем жизненном пути,- поблагодарите его за участие в вашей судьбе… Было ли это — эпизодом… Или — на всю жизнь… Ни один Человек не приходит в жизнь другого — случайно. СПАСИБО ВАМ ВСЕМ!!! Одним за сказку… другим за встряску» - деген әдемі сөздерді қосып алыппын. Солайда шығар, бірақ неге олар ұмыт қалу керек? Мәңгілік достар, мәңгілік туыс деген сөздердің құр бекер болғаны ғой? Мәңгілік деген сөздің өзі мүлде айтылмауы керек қой?

Өз басым өте көп адамға қарызбын. Жо-жоқ, материалдық жағынан емес. Олар мен үшін ақша, дүние дегеннен де көп нәрсе жасаған еді. Кеше солар есіме түсті. Оларға айтқан сөздерім, уәделерім үшін қатты ұялдым. Және енді жолдарымыздың тоғыспайтыны үшін сұмдық өкіндім...

Айтайын дегенім, қазір сіздің өміріңізде жақсы адамдар болса, тас кенедей жабысып алыңызшы. Мен секілді өкінбес үшін...

22
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 28 наурыз 2014, 11:33
Тегтер: өткен шақ, өмір, достар, мәңгілік, орамал, сен сыйға тартқан орамал

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->