Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Кезексөз: "Есімде қалған 8 наурыз"

Кезексөз: "Есімде қалған 8 наурыз"

Кезексөз:

Көктем мерекесімен, достар! Бүгін дәстүр бойынша, 8 наурыз мерекесіне орай жаңа кезексөз бастағалы отырмыз. Порталдың белсенді нәзік жандылары қатысады деген ойдамын. Тақырыбы – "Есімде қалған мереке". Яғни, жадыңызда сақталған ерекше мереке, ерекше сыйлық, ерекше оқиғалар туралы жазсақ, бәріміз осы жазбаларды оқып, бір демалсақ, шіркін))) Менің есімде қалған 8 наурыз мынадай:

Бәрі де әлі күнге дейін көз алдымда...

Он бірінші сыныпта ұлдар бізге сегізінші наурыз мерекесіне отырыс жасап беретін болды. Олар бізге ешқашан сыйлақ бермеген болатын. Күндіз сынып жетекшіміз Бақтияр ағай құрбым Нұрила екеумізге әдемі раушан гүлін сыйға тартты. Сосын бір жігіт тағы бір гүл шоғы мен альбомды беріп жіберіпті. Звонокқа шықсақ, барлық сыныптың қыздары сыйлық ұстап жүр, біз ұлдарға қатты ренжідік. Ертесіне, отырысқа келіңдер дегенде сенер сенбесімізді білмей қалдық. Бізге көптен күткен сый болды. Мен бармайтынымды біліп, үмітімді үзіп қойғанмын. Сонда да қайтпаймын. Сол күні таң атқаннан пысық болып, мама-папаның алдында жорғалай бергенсің ғой))) Кеш болды. Балдар 3-4 рет ысқырып келіп кеткен үйге, мен әлі сұрана алмай жүрмін. Олар жоспарды құрып тастаған. Амалдық сағат сегізде машинасымен келіп әкететін болды. Мен қыздардың бәрін сұрап алып шығатын (қыздардың мамалары Айгерім барса барасыңдар дейді екен) болдым. Кешкі тамақта мамам нечайно : сендерде отырыс жоқ па не, биыл соңғы жылдарың емес пе?" десе бола ма? Қақалып қалдым. Дереу есімді жиып ағайдың да баратындығын айтып(өтірік) сұранып едім, мама да, папа да соңғы жылың ғой барып кел, онсызда сабақтан бас алмайсың" деді. Қуанғаным-ай,тамағымнан ас өтпей қалды. Қолыма ілінгенді кие салып, атып шықтым. Мама "2 сағаттан кейін үйде бол, ағайыңа звондап қайтар" деп айтамын деді))) Қайдағы екі сағат қыздарды үйлерінен алып шығамын дегеннің өзіне екі сағаттан асып кетті. 6-7 қыз болып Мұқағали деген баланың үйіне барып отыра бергеніміз сол еді, үй телефондары шыр етті. Ағай звондап жатыр екен. Атасы сөйлесті де "өзімнің үйім, отырсың балалар" деп ұрсып берді. Қуанғанымыздан дастархан жасадық, ұлдар алғаш рет бізге сыйлық пен ашық хат берді))) Сол сағат осыған дейін үйде жататын, кейін жоғалып кетті. Алғашқы әрі 11 жыл оқыған бауырларымнан болған соң қымбат болатын..

Отырыс енді басталғанда ағай менің телефоныма звондап жатыр))) Ұлдар алғызбай қойды. Қоймаған соң алдық. Ағай ашуланып: неге алмайсыңдар? қазір директор үйлеріңе бара жатыр, сосын өзімде барамын, ертең мектепке ата-аналарыңды ертіп келіңдер!" деді. Көзіміз банка. Бір батыр: "ей, отыра берейік, не болады дейсің?" деді. Сөйткені сол еді, далаға шығып кеткен біреу жүгіріп келді: "Тұрыңдар, тұрыңдар! ана жақта екі машина бір-бірінің артынан келе жатыр, біреуі Хасен ағайдың(директор),біреуі Бақанай ағайдың(сынып жетекшісі) машинасы сияқты. Біттік, тыңдық!" деді. Не істерімізді білмей, апыл-ғұпыл киімдерімізді алып тоғайға қарай қаша бастадық))) Балдар бізді көршілердің шарбақтарынан көтеріп алып лақтырып тастап жатыр, иттер шулап, артымыздан қуды, тура сол кезде жаңбыр жауып тұрған, жер балшық, құлап жатырмыз, үстіміздің бәрі су, балшық болды. Оған қараған ешкім жоқ. Тура өзеннің жағасына келгенде кімнің қалай кететіндігін ақылдастық. Менімен бірге біздің үй жақта тұратын Ерболат деген бала кетті. Балтырдан келетін суды қалай кешкенімізді білмей қалдық-ау)) Ерболатпен әшейінде басымыз піспейтін, қорыққанымыздан қол ұстасып алып жүгірдік. (Әлі күнге дейін айтып мазақтайды))). Содан, әйтеуір үйге жеттім ау. Үсті-басымның күйін айтпай-ақ қояйын)) Мамаға жылап жүріп алдырған етігімнің дымы қалмаған, киюге жарамайды, өкшесі түсіп қалған((( Бәрін пакетке салдым да шкафка тығып, үндемей барып төсегіме жата қалдым. Мамам кепті, "әй не болды, ерте келіп қалдың ғой, ағайларың барды ма" дейді. Не дерімді білмей, өтірік ұйықтағансып: "Ертең айтамын" дедім. Кеткен соң жүгіріп барып телефонды суырып тастағансың ғой))) Түнімен ұйықтай алмай шықтым. Директордың ұрысқаны көз алдыма келсем өзімді қоярға жер таппай кетемін. "Әлде бармай-ақ қояйын ба? Мамаға не айтамын?.." Ұйықтап кетіппін.

Ертесіне мектепке барсам, кеше отырысқа барған қыздардың біреуі де бармай қалған. Ағай келді. Көңілді. Кім барды тұрсын орнынан деді. Ұят-ай, қыздардан бір өзім тұрдым)) Ал ең, ең, ең қызығы: Ағай бізді алдапты, отырыс туралы директор ештеңе білмейді екен, ағай біз отырған үйге келмепті де, түнге дейін концерт көріпті".

Сонда біз өзімізден өзіміз қашқан болдық қой, қуған ешкім де жоқ. Өкіндік, есесіне, осындай тәтті естелік пайда болды.

Онан бері 4 мерекені қарсы алыппын. Айтарлықтай ерекшеліктері жоқ. Бірақ, былтырғы мереке бірнеше жақсы ортадағы отырыстармен есте қалыпты. Ақеркемен бірге өткізіп едік. Биыл ол өз отбасында)) Олсыз қызық болмайтын шығар, тойламаймын деп отырмын)

Таяқшаны Гүлжан Серікке беремін!

Әдеттегіше көп лайк пен пікір жинаған қолданушының блогы жұлдызды блогтар қатарына шығады)

18
Рейтинг: +8

Жазылған уақыты: 03 наурыз 2014, 18:48
Тегтер: 8 наурыз мерекесі, қызықты оқиғалар, қызықты мереке, мереке туралы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->