Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сенім...

Сенім...

Сенім...

Соңғы кезде менің ойларымның ордасы қоқысхананың кебін киіп жүрген сияқты. Не бар, не жоқ, басқа түгілі өзім де түсінбеймін. Бұрын оңай деп санайтын дүниелерім тым қиын, қиын дегендерім "үфі" десең қолға келетіндей оңай болып кетті( Солай болса да, сондай бақыттымын!) Солардың арасынан "СЕНІМ" деген ұғымды суырып алып отырмын.

Негізі бұл нәрсе баяғыдан бар ғой, тек өзім енді ғана мойындап жүрмін. Сенсеңіз, енді ғана естіп отырған жаңа сөздей болып көрінді. Сенім махаббаттан да, бақыттан да, байлықтан да жоғары тұратындай сезіледі. Себебі, махаббатың өзі осы сенім арқылы құрылады емес пе?.... Иии сол баяғыдай "мудрить" етіп кеттім ба, басынан бастайыншы:

Жаңа жыл алдында "Инопланетяне ни при чем" деген кино көргенмін, сонда ылғи да лақтырумен жүретін қоластындағыларға бастығы өміріндегі ең маңызды нәрсенің "СЕНІМ" екендігін айтады: "Ол жоқ жерде береке де, өрлеу де, өсу де жоқ. Мысалы, әлемдегі ең мықты футбол командаларының жеңісінің сырын неде деп ойлайсыңдар, олардың арасында сенім бар, бір-біріне сенеді. Жалғыз ойыншының мықтылығынан ешнәрсе шешілмейді..." Осы сынды ойлар айтты. Ол осыны айтқаннан кейін бірнеше жыл бойы ыстықты да, суықты да бірге көрген, бірақ сенімінен шығып қалған адамның күл талқанын шығарады. Сонда "мдааа, біздің қазақ футболының да жағдайы осындай ғой, айдаладағы ұлты, ділі, діні басқа біреулерді әкеледі де, қосып жібереді. Мұндай жерде сенім, ұйымшылдық қайдан болсын..." деп ойлап қоя салғанмын.

Ал өткен аптада банкке бардым. 3 банктің банкрот болатыны туралы өсек шыққан кез еді ғой. Анда тұрғандардың арасында қорыта алатын, ненің жалған, ненің ақиқат екенін білетін алғыр адамдар тұр. Банкрот болмайтынын да біледі. Бірақ, уже сенім жоқ. "А вдруг..." деген ойлар билеп алған. "Енді депозит ашпаспын, банкке жоламаспын" деген сөзді де естисің, ойды да көздерден де оқисың. Қарап тұрып, "еееее, СЕНІМ де..." дедім іштей)

Жалпы, өмірдің өзі сенімге құрылатынын байқадым. Бір нәрсені армандайсың, жоспарлайсың, оған сенесің. Сендің ба әрекет етесің, шын тілейсің, жетесің. Сенім жоқ па бітті адасып, өзіңнен өзің өмірден түңіліп, құлайсың. Немесе бұрыс жолға түсесің де, өмірің мәнсіз болып өтеді де шығады...

Жоғарыда айтқанымдай, осындай шым-шытырық ойлардың арасында жүрсем де, өзімді бақытты сезініп жүрмін. Себебі, бірнәрсеге шын СЕНЕМІН! Сізге де айтқым келеді, баянды, дұрыс нәрсеге сеніңізші, сонда бәрі жақсы боладыKiss Бір бауырымыз: "Бір кәмпиттің тәтті екенін білдің бе, оны өзің жақсы көретін адамдарға да айт" дегенді жиі айтушы еді, сіздерге де жақсы болсын деген ой мендегі... Сенімдеріңіз өшпесін!

17
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 24 ақпан 2014, 19:28
Тегтер: бақыт, сенім, ой, өмір туралы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->