Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Өмір мен Өнер

Өмір мен Өнер

Өмір мен Өнер

Өнердің қайсыбір түрінен болмасын мақұрыммын. Ол үшін өкінбеймін, әрине. Аллаһ солай жаратса, бір қайырлысы болғаны...

Ааа бір рет өнерден құр алақандығым үшін ұялғаным бар. "Сал-серілер поэиясы" деген сабақ өттік, соңғы сабақта ағай топтағы студенттердің өнерін тамашалайтындығымызды айтты, өзі де ән айтты, басқа да өнерлі кісілерді ертіп келген екен. Содан қыздар шетінен барын салып, өнерлерін көрсетіп қалуға тырысып жатыр. Мен басымды бұғып алғанмын. Ағай: "Қазір, Айгерімді тыңдаймыз, Айгерім дайындалып отырсын" деп қоймайды. Басымды тартсам, болар емес. Қоңырау болып қалып жаным қалды) Сол сәтте бір ән шырқасам, домбыра тартсам ғой деп армандап кеттім)

Дегенмен, әрбір адамның әйтеуір бір өнермен байланысы бар, біреулер өнердің жілігін шағып, майын ішеді, біреулер өнер десе ішкен асын жерге қояды, жанын беріп тыңдайды, насихаттайды, өнермен демалады, өзін тәрбиелейді, айта берсең көп. Бір данышпандар "өмір мен өнер егіз ұғым" дейді емес пе? Бұл сөздің қаншалықты рас екенін білмеймін, бірақ, өнерді тудыратын өмір екенін, өнердің өмірге қызмет ететінін де мойындаймын. 

Әр нәрсенің бір ұшын ұстап та көргем. Мектепте жүріп ән де айттым, би де биледім, сахналық қойылымдарда да өнер көрсеттім. Бірақ, мұның бәрі әрбір адамда кездесетін жай ғана қызығушылық, кейде мәжбүрліктен болатын оқиғалар ғой. Сосын өлең оқитынмын. Содан демалатынмын, ешкім жоқ жерде айқайлап өлең оқу маған бір қанат бітіретіндей...Бір ағай болды, "сен өлең оқығанда еріксіз жылағым келіп, терең ойға батамын" деген, бірақ бұл да қалды. Прозаға ден қойдым. Шағын әңгімелер жазып, газет-журналдарға жариялай бастадым. Кейін ол да қалды. Өнер таза нәрсе, ол мен сияқты епсіздерді қабылдамады.

Жаңа қалаға, жаңа ортаға келіп осыны түсіндім, өнерді, өнерліні шын бағалауды үйрене бастадым. Былайша айтқанда, жай ғана өнердің жанкүйеріне айналдым.


Кітап оқуды бала кезден жақсы көретінімді мына жерде айтып едім ғой. О баста не болса сол кітапты оқиды екенмін. Адамның памяты шексіз нәрсе емес, ол да толады. Сондықтан, кітап оқу керек, бірақ таңдап-талғап) Жай ғана сабақ үшін деп қаншама пайдасыз кітап оқыған екенмін, соныма қатты өкінемін.


Дәстүрлі әндерге деген қызығушылығым пайда болды. Домбыраны шын құрметтей бастадым. Кішкентаймыздан үйде домбыра болды, бірақ, соны таптап жүре береді екенбіз, үйрену де ойға келмепті. Ортаңғы курста гитараға, бард өнеріне деген махаббатым оянды) Қызық деймін де, екеуі де аспап, екеуі де бір әнді орындайды, ал беретін әсері мүлде ұқсамайды. 


Театр өнеріне ғашық болдым. Соңғы тиынымды театр билетіне жұмсайтынмын, әрбір жаңа қойылымға жаңа көйлек алып киетінмін (ол кезде бір стипендияға қарайтын кезіміз ғой). Жаныма еріп баратын адамдарға да ерекше назар аударатынмын. Ал шыққаннан кейін, менің бойымда бір өзгеріс болатын. Трагедия болмаса да, еріксіз жылағым келеді. Ешкімді жақтырмай, ешкімге сөйлегім келмей қалады... Жанның тазарғаны деген осы шығар, құлшылықтан кейінгіге ұқсамайды, бірақ, өз күші бар, әйтеуір...

Әпкем теледидар дегенді қатты жақсы көреді. Не болады, соны таңдамай көре беретін, ой киноның түбін түсіретін, оның көрмеген киносы жоқ сияқты))) Массагетке келіп мен де соның күйін кештім. Киноға деген қызығушылық пайда болды. Сәл қол қалт етсе, кино үйлеріне тартып кететін болдым.


Классикалық музыкаға бет бұра бастадым. Тыңдайтыным Бетхован, Моцарт, Шопен болды) Мына жерде "Ай сонатасы", "Моцарт музыкасы" туралы жазғаным да осы себептен. Звоноктын, смс-тің, будильниктің музыкасына осыларды кезек-кезек ауыстырып қоятынды шығардым. Мақаланы да солармен бірге жазамын. Миынмның, жанымның қалай тынығатынын жеткізе алмай отырмын.


Ал соңғы кезде операға, симфониялық оркестрге деген қызығушылығым ояна бастады. Неге бұрын бармағанмын деп таңғалдым? Операны өнердің биігі деп жатады ғой, менің санам оған тым төмен болған шығар, бәлкім...Анада "Астана-Операның" концертіне барғанда өзім секілді бір қазақтың жоқтығына таңғалдым, өзімді сондай артық сезіндім. Біреулер, опера мен балетті түсінбейтіндіктерін айтып сылтау етеді, шындығында, өзім де солай ойлайтынмын. Бірақ, сол залдың атмосферасы адамды көп нәрсеге тәрбиелейді, рухани азық сыйлайды екен.

Мұның бәрін неге айтып отырмын. Мақтанғым немесе өткенімді еске түсіргім келіп отырған жоқпын. Біздің порталдың қолданушыларының көпшілігі мектеп оқушылары, төменгі курс студенттері ғой, осы қатардағыларға аз да болса кеңесімді айтқым келеді. Осы бастан өздеріңізді тәрбиелеңіздер, тұлға болып қалыптасуға тырысып бағыңыздар, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, сөйлеу әдебі – бәрі де осы дүниелер арқылы тұрақталады. Бұл жолда ата-ананың, ұстаздың рөлі бір бөлек, өнердің рөлі бір бөлек. Бірі болмаса, бірі жаныңызға керекті береді, танымыңызды арттырады. Кейде таным-түсінігмнің, мінез-құлқымның өз қатарластарымнан төмен екендігін байқаймын, дер кезінде өзімді дамытпағандығымның кесірінен шығар бұл. Сіз де ондай қателік болмаса екен....

Суреттер  өзімнен)))

16
Рейтинг: +7

Жазылған уақыты: 14 ақпан 2014, 16:54
Тегтер: өнер, театр, опера, кино, балет, классикалық музыка, кітап

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->