Бүкіл денемізді күйік шалды - Оралдағы жарылыс кезінде зардап шеккен адам

Бүкіл денемізді күйік шалды - Оралдағы жарылыс кезінде зардап шеккен адам
Фото: Зардап шеккен Мұхаммед пен Дилдош Исмаиловтар. Туыстарынан алынған/mgorod.kz

Оралдағы жарылыс кезінде зардап шеккен немере ағайынды кафеде аспаз болып жұмыс істеген екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

4 қаңтарда сағат 02.00 шамасында Сырым Датов көшесіндегі екі қабатты кафеде жарылыс болды. Газ ауа қоспасының жарылысынан Rizyq кафесінің ғимараты құлап, өрт шықты. Жарылыс орнындағы құтқару жұмыстары сол күні кешке аяқталды.

Қайғылы оқиға үш адамның өмірін қиды: 19 жастағы Маргарита Мұхаметжанова, 32 жастағы Руслан Қаржаубаев және студент Ержан Тоқпаев көз жұмды. Тағы алты адам зардап шекті, олардың бесеуі ауруханада өте ауыр жағдайда. 

Сондай-ақ, зардап шеккендердің арасында Өзбекстанның екі азаматы, немере ағайынды, 26 жастағы Мұхаммед және 19 жастағы Дилдош Исмаиловтар бар. Олар аспаз болған. Ал сол күні ауысымда інісі жұмыс істеген.

"Мұнда үш жылдай жұмыс істедім, інім жақында келді. Сол күні менің ауысымым емес еді, мен екінші қабатта ұйықтап жаттым. Біз төменгі қабатта жұмыс істеп, екінші қабатта тұрдық. Көзімді ашқан кезде алдымда бетон жатты. Содан кейін бәрі арлы-берлі жүрді. Олар маған көмектесіп, сол жерден шығарды. Мені алып кеткенде, ешкімді көрмедім. Кейінірек ауруханада мені ағамнан жарты сағат өткен соң әкелгенін айтты. Денеміздің бәрін күйік шалған", - деді Мұхаммед Исмаилов.

Қалған зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Оралдағы дәмханадағы жарылыс кезінде қаза тапқандар туралы ақпарат шықты

Еске салайық, 4 қаңтарда Оралдағы дәмханада жарылыс болып, үш адам қаза тапқаны хабарланған болатын. ТЖД күшімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам құтқарылды, оның 5-і медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Артынша облыстық прокуратура өкілдері дәмхана ғимаратын жалдаушы ұсталғанын хабарлады.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова