Оралдағы дәмханада болған жарылыс: ғимаратты жалдаушы ұсталды

БҚО прокуратурасы газ жарылып, үш адам қаза тапқан дәмхана ғимаратын жалдаушы ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

БҚО облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі облыстың ТЖ департаменті Rizyq кафесінде өрт және адам өлімі фактісі бойынша ҚК-нің 292-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады.

"Осы қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікті ұсталып, 6 қаңтарда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы қажетті сараптамаларды тағайындады. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, 4 қаңтарда Оралдағы дәмханада жарылыс болып, үш адам қаза тапқаны хабарланған болатын. ТЖД күшімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-і медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатқызудан бас тартты.

ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері, барлығы 190 адам және 50-ден астам техника жұмылдырылған. Оқиға орнында зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетілген болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина