Оралдағы дәмханада болған жарылыс: тағы бір адам өлі табылды

Фото: ТЖД / Instagram

Оралдағы дәмханада болған жарылыстан тағы бір адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу жұмыстары үйінді кқп болғандықтан қиындай түскен. 

Ғимараттың зақымдалған ілулі бөліктері сол жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға қауіп төндіріп отыр.

Бұған дейін ТЖД күшімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-і медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Бұл жерде ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері, барлығы 190 адам және 50-ден астам техника жұмылдырылған. Оқиға орнында зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіледі.

Бұған дейін екі адам қаза тапқаны хабарланған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина