Алматыдағы өрт шыққан хостел заңсыз жұмыс істеген

Алматыда өрт салдарынан 13 адам қаза тапқан хостелде адамдардың тұруына рұқсат берілмеген. Бұл нысанның мақсаты - дүкен. Сонымен қатар құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес жертөлелерде және астыңғы қабаттарда хостел ашуға тыйым салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыдағы барлық хостел қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында азаматтарды уақытша тұру объектісіне тіркеуге және қайта жабдықтауға міндетті.

"Бүгінгі таңда Алматыда 200-ден астам хостел жұмыс істейді. Бізге үйлерді хостелге айналдыра бастады деген мәлімдемелер жиі келіп түседі, бірақ бұл объектілерді ашқан кезде міндетті түрде жеке кіру тобы және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тиісті қорытындысы, сондай-ақ Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасынан қайта жабдықтауға рұқсат болуға тиіс. Мұндай келісімдер болмаса, онда біз прокуратура органдарында тіркелгеннен кейін осындай объектілерге қатысты тексеру жүргіземіз. Әкімшілік шараларды қабылдаймыз және материалдарды сотқа сәйкестендіру үшін немесе осындай объектілерді толығымен жабу мақсатында жібереміз. 2023 жылдың басынан бастап 5-7 заңсыз хостел жөнінде шағымдар келіп түсті. Қазір олар бойынша материалдар сотта", - деді Бақытжан Наурызбеков.

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Оқиғадан кейін бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Идрисовтің айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адам басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы әкімі Ерболат Досаев хостелдегі өртке қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендердің көбісі Қазақстан азаматтары, бір Өзбекстан азаматы, біреуі РФ-ден екенін, қалғанының құжаттары қаралып жатқанын айтты. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелден шыққан өрттің себептерін анықтау және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Алматы қаласы ТЖД осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық істі тіркеді. Алматы Полиция департаменті өкілдері қаза тапқандар кімдер екенін мәлімдеді. Алматы әкімдігі хостелден шыққан өртке қатысты жаңа дерек айтты.

Кейінірек қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 миллион теңге берілетіні белгілі болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!