Алматыда хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тапты

Алматыда хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тапты
Фото: Massaget.kz

Алматыда өрт кезінде 13 адам көміртегі тотығынан қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

30 қарашада сағат 05:33-те Алматыдағы Ади Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түcкен. 

Бірінші өрт сөндіру бөлімі бұл жерге 7 минут ішінде келді. Өрттің жалпы ауданы - 30 шаршы метр.

Қабылданған шаралармен өрт 06:22-де сөндірілді. Өрттен 13 адам қаза тапты, олардың жеке басы анықталып жатыр. Олар көміртегі тотығына уланып, қаза тапты деп болжанды.

Жатақханада 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланды. Өрт болған жерге Алматы ТЖД 46 адам және 13 техника жұмылдырылды.

Өрт пен өлімнің себебі анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина