Алматыдағы хостелден өрт шықты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Алматыдағы хостелден өрт шықты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Фото: Massaget.kz

Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сағат 10:20-да Қалалық жедел жәрдем ауруханасына Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен төрт адам жеткізілді. 1996 жылы туған әйел улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа, тұрақты. Үш науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тексерулерден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Олардың бірі - шетелдік, 1999 жылы туған Үндістаннан келген студент", - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына 7 жедел медициналық қызмет бригадасы жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды.

Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. 

Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар, қалалық ТЖД өкілдері министрі Сырым Шәріпханов Алматыда өрт шыққан хостелге келе жатқанын мәлімдеді. 

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.

Хостелде тұрған Қаймұрат Шаңшаң оқиға туралы айтып берді. Хостел әкімшілігі де өртке қатысты ақпарат берді.

"Әкімшілікте барлық ақпарат бар. Кім тұрды, қайда тұрды. Мұнда студенттер мен жастар тұрды. 25 жасқа дейінгілер тұрды. 0-қабатта тоққа қатысты мәселелер болған", - деді олар.

Айта кетейік, өрт шыққан хостел аймағында тұрғындарға еріктілер көмектесіп жүр.

Оқиғадан кейін бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Идрисовтің айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адам басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы әкімі Ерболат Досаев хостелдегі өртке қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендердің көбісі Қазақстан азаматтары, бір Өзбекстан азаматы, біреуі РФ-ден екенін, қалғанының құжаттары қаралып жатқанын айтты.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелден шыққан өрттің себептерін анықтау және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Алматыда 13 адам қаза тапқан хостел маңында не болып жатыр?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек