"Құжаттарды дұрыс өткізбеген". Санэпид бақылау басқармасының маманы өртке қатысты пікір білдірді

"Құжаттарды дұрыс өткізбеген". Санэпид бақылау басқармасының маманы өртке қатысты пікір білдірді
Фото: Massaget.kz

Алмалы ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Мажытханов Нұрбол хостелдегі шыққан өртке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл жердің эпидемиологиялық маңызы жоғары болмаған соң, хабарлама өткізіп, жұмысын бастай береді. Бұлар ескерту өткізбеген. Жұмыс ісгененіне көп болмаған, 1,5 ай болған. Заңсыз деп айта аламыз, заң бұзып тұр ғой. Біз техникалық, эпидемиологиялық тексеріс жүргіземіз. Біз сараптама орталығымен бірге жұмыс істейді. Құжаттарды тапсырмай, дұрыс өткізбеген", - дейді ол. 

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Оқиғадан кейін бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Идрисовтің айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адам басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы әкімі Ерболат Досаев хостелдегі өртке қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендердің көбісі Қазақстан азаматтары, бір Өзбекстан азаматы, біреуі РФ-ден екенін, қалғанының құжаттары қаралып жатқанын айтты. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелден шыққан өрттің себептерін анықтау және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Алматы қаласы ТЖД осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық істі тіркеді. Алматы Полиция департаменті өкілдері қаза тапқандар кімдер екенін мәлімдеді. Алматы әкімдігі хостелден шыққан өртке қатысты жаңа дерек айтты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек