Қазақстан, Ресей, Өзбекстан азаматтары: Алматыдағы өртте кімдер қаза тапқаны белгілі болды

Алматыдағы хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандар кімдер екені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Қайтыс болған 13 адамның төртеуі - шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы - Қазақстан Республикасының азаматтары. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды.

Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.

Хостелде тұрған Қаймұрат Шаңшаң оқиға туралы айтып берді. Хостел әкімшілігі де өртке қатысты ақпарат берді.

"Әкімшілікте барлық ақпарат бар. Кім тұрды, қайда тұрды. Мұнда студенттер мен жастар тұрды. 25 жасқа дейінгілер тұрды. 0-қабатта тоққа қатысты мәселелер болған", - деді олар.

Айта кетейік, өрт шыққан хостел аймағында тұрғындарға еріктілер көмектесіп жүр.

Оқиғадан кейін бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Идрисовтің айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адам басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы әкімі Ерболат Досаев хостелдегі өртке қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендердің көбісі Қазақстан азаматтары, бір Өзбекстан азаматы, біреуі РФ-ден екенін, қалғанының құжаттары қаралып жатқанын айтты.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелден шыққан өрттің себептерін анықтау және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Өрт шыққан хостелде тұрған Арсен Асаубеков атты жігіт оқиғаны баяндады.

Кейін өрт шыққан ғимараттың кімге тиісілі екені анықталды. 

Алматы қаласы ТЖД осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық істі тіркеді.

Алматыда 13 адам қаза тапқан хостел маңында не болып жатыр?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!