Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Оралдағы "Зенит" зауытының ұжымымен кездесті

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Оралдағы "Зенит" зауытының ұжымымен кездесті
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Парламент Мәжілісінің депутаты, "Ақжол" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев қорғаныс және шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын "Зенит" кәсіпорнында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бес жүзге жуық адам жұмыс жасайтын зауыт бүгінде Каспий теңізіндегі шекара қызметінде жүрген кемелерді құрастырады. 

Депутат кәсіпорын цехтарындағы жұмыстармен танысып, ұжым қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Зауыт қызметкерлері кәсіподаққа мүшелікке өту проблемасын қозғады. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, жалақысын көтеру бойынша біраз мәселе көтерілді. Азат Перуашев бұл жайттарды мұқият зерттеп, заңнамалық тұрғыда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Парламентте қабылданып және қаралып жатқан заңдарға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы депуттардың ұсыныстарын айтып, жан-жақты түсіндіріп берді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан