"7 мемлекетте түсірілген". Қыран Талапбек әйелі Гүлзада Тұрлашпен ерекше видео жариялады

"7 мемлекетте түсірілген". Қыран Талапбек әйелі Гүлзада Тұрлашпен ерекше видео жариялады
Фото: kyran_talapbek/instagram

Танымал мобилограф Қыран Талапбек жұбайы Гүлзада Тұрлашпен ерекше видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, видео 7 мемлекетте түсірілген.

"Соңғы 2 жылда әр барған жерімізден кадр жинап жүретін едім, кейін бір вмдео жасап, жинаймын ғой деп. Кішігірім клип болыпты ма?" - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыран Талапбек (@kyran_talapbek)

Желі қолданушылары бұл жұпқа бақыт тілеп, ақ тілектерін арнаған.

"Екеуі бір-біріне қатты ұқсайды екен", "Тек алға, бауырым, жарайсың", "Керемет, бақыттарың баянды болсын", "Әр адам бақытты болуга лайықты. Бақытты болыңдар", "Сен қайда жүргенің көрсек, барлық кезде қасыңда болған екен ғой бақытты болыңдар", - деді олар.

Айта кетейік, бұған дейін Қыран Талапбек жаңа сүйіктісімен көзге түсті. Қыран Талапбек Instagram Stories-ке жаттығу залындағы видеосын жариялаған. Дәл осы уақытта актриса Гүлзада Тұрлаштың да осы залда жүргенін байқауға болады. Тіпті актриса "енді жаттығу залында кездесеміз" деп жазба қалдырып, кездесудің қыз бен жігіт арасында екенін байқатқан.

"Депутаттың қызы". Мобилограф Қыран Талапбектің сүйіктісі туралы не белгілі?

Кейінірек Қыран Талапбектің жаңа сүйіктісі бұрынғы күйеуімен неге ажырасқанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін танымал мобилограф Қыран Талапбек екінші рет шаңырақ көтергені хабарланған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова