Қыран Талапбек жаңа сүйіктісімен көзге түсті

Қыран Талапбек жаңа сүйіктісімен көзге түсті

Блогер, мобилограф Қыран Талапбек сүйіктісімен жаттығу залында көзге түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Ару есімді TikTok қолданушысының парақшасында пайда болды. Видео 496 мың қаралым, 17 мың лайк жинаған.

Қыран Талапбек Instagram Stories-ке жаттығу залындағы видеосын жариялаған. Дәл осы уақытта актриса Гүлзада Тұрлаштың да осы залда жүргенін байқауға болады. Тіпті актриса "енді жаттығу залында кездесеміз" деп жазба қалдырып, кездесудің қыз бен жігіт арасында екенін байқатқан. 

@btrkhnvnaa ?️‍♀️24/7 #разоблачение #казахстан #кыранталапбек #девушка ♬ НА РАХАТЕ - REMIX - Ганвест

Желі қолданушылары түрлі пікір жазған.

"Баяғыда Айжұлдызды осылай ұстап едік", "Бір-біріне ұқсайды екен", "Өзінен аумайды ғой", "Детектив екенсіңдер", "Күшті зерттеп тастапсындар", - дейді TikTok қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы