"Депутаттың қызы". Мобилограф Қыран Талапбектің сүйіктісі туралы не белгілі?

"Депутаттың қызы". Мобилограф Қыран Талапбектің сүйіктісі туралы не белгілі?

Желіде Мобилограф Қыран Талапбек пен Алматы облысы әкімінің экс-орынбасары Ләззат Тұрлашовтың қызы бас қосқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Press.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде Қыран Талапбек пен Алматы облысы әкімінің экс-орынбасары Ләззат Тұрлашовтың қызы Гүлзада Тұрлашпен бас қосқаны туралы ақпарат тарады. 

Қыран бұған дейін танымал актриса Жанар Айжанованың қызымен Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ көтергені белгілі. Айжұлдыз бен Қыран үш жылға қарым-қатынаста болғаннан кейін үйленуге бел буған. Бірақ көп ұзамай ерлі-зайыпты ажырасып кетті. Қазір Айжұлдыз бен Қыранның бір баласы бар. 

Тұрлашовтың қызы бұрын Алматыдағы ірі бизнесмендердің бірінің ұлына тұрмысқа шыққан. Алайда ол да аз уақыттан соң ажырасып кеткен. 

Гүлзада Тұрлаш - актриса, ол "Қазақ аруы" телехикаясына түскен еді. 

Ләззат Тұрлашов - Алматы облысы мәслихатының депутаты. 2016 жылдан бастап биылғы наурызға дейін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Осы жылдары Алматы облысының Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі болды. 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс салдарын жоюға қатысты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек