Танымал мобилограф Қыран Талапбек екінші рет шаңырақ көтерді

Танымал мобилограф Қыран Талапбек екінші рет шаңырақ көтерді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына өміріндегі маңызды сәттің кадрларын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қыран Талапбек бұған дейін Айжұлдыз Адайбековаға үйленген еді. Кейін жұп ажырасып кетті. Олардың бір ұлдары бар. Ал мобилографтың ендігі таңдауы Гүлзада Тұрлашқа түскен. Ол актриса ретінде танымал.

"Шок контент. Үйде той әйтеуір", - деп жазды Қыран Талапбек.

әлеуметтік желі

Гүлзада Тұрлаш та бұған дейін тұрмыста болған.

Еске салайық, бұған дейін де Қыран Талапбек жаңа сүйіктісімен көзге түсті. Қыран Талапбек Instagram Stories-ке жаттығу залындағы видеосын жариялаған. Дәл осы уақытта актриса Гүлзада Тұрлаштың да осы залда жүргенін байқауға болады. Тіпті актриса "енді жаттығу залында кездесеміз" деп жазба қалдырып, кездесудің қыз бен жігіт арасында екенін байқатқан.

"Депутаттың қызы". Мобилограф Қыран Талапбектің сүйіктісі туралы не белгілі?

Кейінірек Қыран Талапбектің жаңа сүйіктісі бұрынғы күйеуімен неге ажырасқанын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!